"Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ
Бөлім туралы
"Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
"Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, әкімнің, әкімдіктің және мәслихаттың актілеріне, өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ бөлімнің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.