Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті облыс аумағындағы ҚАЖ органдары мен мекемелеріне басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық бөлінісі болып табылады.
Жаңалықтар
Құжаттар
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бос ішкі істер органдарының, кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, 070013, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Леваневский көшесі, 21, анықтамалар үшін телефон/факс: 8(7232) 57-61-58, 70-02-96, 70-18-94, электрондық мекенжай ([email protected]) бос ішкі істер органдарының, кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау 1. Риддер қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторы (С-SVR-8) – 2 бірлік. Орналасқан жері: Риддер қаласы. 2. №1 Тарбағатай аудандық пробация қызметі бөлімшесінің аға инспекторы (С-SVR-7) – 1 бірлік. Орналасқан жері: Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы. 3. Шемонаиха қаласы пробация қызметі бөлімі ювеналдық әділет тобының инспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік. Орналасқан жері: ШҚО, Шемонаиха қаласы. 4. Өскемен қаласы Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік. Орналасқан жері: Өскемен қаласы. 5. №1 Алтай аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы (С-SVR-8) – 2 бірлік. Орналасқан жері: Алтай ауданы. Лауазымдық нұсқаулықтары: - Пробация қызметінің қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сай сот қаулыларын, үкімдерін уақытылы және сапалы орындайды. - Мекемедегі сотталғандарды босатуға дайындау кезеңінде, өзара іс-әрекет ететін барлық мемлекеттік органдармен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласында, сол сияқты сотқа дейінгі пробацияны атқарады. Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғары, арнайы-орта (заңтану, құқық қорғау қызметі, құқықтану, психология, педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, әлеуметтану, филология, әлеуметтік жұмыс;), жасы отыз бес жасқа дейін. * Сонымен қатар Заңдарды және нормативті құқықтық актілерді білу. 6. Өскемен қаласы пробация қызметі бөлімінің инспектор-психологы (С-SVR-8) – 1 бірлік. Орналасқан жері: ШҚО, Өскемен қаласы. 7. Глубокое аудандық пробация қызметі бөлімінің инспектор-психологы (С-SVR-8) – 1 бірлік. Орналасқан жері: ШҚО, Глубокое ауданы, Глубокое ауылы. Лауазымдық нұсқаулықтары: - пробация қызметінде есепте тұрған барлық тұлғаларға және сотқа дейінгі пробация деңгейінде сотқа дейінгі баяндама дайындау кезінде күдіктілерге, айыпталушыларға әлеуметтік-психологиялық тестілеуді уақытылы және сапалы орындайды өткізеді; - сотқа дейінгі пробация деңгейінде күдіктілерге, айыпталушыларға өткізілген әлеуметтік-психологиялық тестілеу нәтижелерін еркін түрде ұсыныстарымен бірге қорытындыларын дайындайды; - барлық базалар бойынша тіреуде тұрған тұлғалармен биографиялық мәліметтер бойынша ақпарат жинайды; - тіркеуде тұрған тұлғалармен тұрғылықты мекен-жайы бойынша мотивациялық әңгімелесу өткізеді; - қызметінің бағыты бойынша қызығушылық танытқан органдар және ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасайды; Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғары, арнайы-орта (психология, педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, әлеуметтану, филология, әлеуметтік жұмыс;), жасы: отыз бес жасқа дейін. * Сонымен қатар Заңдарды және нормативті құқықтық актілерді білу. 8. №16, №17, №22 мекемесі сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық және тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің жасақ бастығы (С-SGU-11) – 10 бірлік. Орналасқан жері: Өскемен қаласы ШҚО. 9. №18 мекемесі сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық және тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің жасақ бастығы (С-SGU-11) – 4 бірлік. Орналасқан жері: Шемонаиха қаласы Половинка ауылы. Лауазымдық нұсқаулықтары: Мезгілінен бұрын шартты түрде бұрын босатылатын, кешірім алған, басқа да бас бостандығынан айыру жазасын алмастыратын түріне көшірілген сотталғандардың мінездемелерін жасайды. Жасақ бастығы сотталғанның жеке басын зерттеу мақсатында жеке-тәрбиелiк әңгiмелер жүргізеді, сотталғанның одан әрi жазаны өтеу ниетiн анықтайды және алынған мәлiметтердi ЖТЖ күнделiгiне жазады. Сотталғанның жеке басын жан-жақты зерделейді және тәрбиелік ықпал етуді жағымды қабылдауға және қоршаған ортаның жағымсыз ықпалын теріске шығаруға психологиялық дайындық дәрежесін анықтайды. Конкурсқа қатысушыларға талаптар: Білімі жоғары (құқықтану; құқық қорғау қызметі; психология; педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, тарих, әлеуметтану, мәдениеттану, филология, әлеуметтік жұмыс, алғашқы әскери дайындық, денешынықтыру және спорт), жасы отыз бес жасқа дейін, әскери қызметте бір жылдан кем емес қызмет өтілі болу қажет. * Сонымен қатар Заңдарды және нормативті құқықтық актілерді білу. 10. №16 мекемесінің СЭҚ санитар-дәрігері - (С-SGU-11) – 1 бірлік. Орналасқан жері: ШҚО Өскемен қаласы. Лауазымдық нұсқаулықтары: Санитарлық дәрігер санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстарын облыс бойынша түзеу мекемелерінде ұйымдастырады және бақылайды. Тағамдық объектілерде (арнайы топ асханасы, тағамдық азық-түліктерді сақтау қоймалары, жеке құрам асханасы) тағамдық азық-түліктерді сапасын растайтын сертификаттарын тексереді, әр-бір азық-түліктер сынамаларына бактериологиялық тексеру жүргізеді,тағамдық азық-түліктердің жарамдылық мерзімдерін, сақталу жағдайлары мен тасымалдануын бақылайды. Конкурсқа қатысушыларға талаптар: Білімі жоғары медициналық, жасы отыз бес жасқа дейін. * Сонымен қатар Заңдарды және нормативті құқықтық актілерді білу. 11. №16, №22 мекемесі жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының аға инспектор-психологы (С-SGU-12) – 2 бірлік. Орналасқан жері: ШҚО, Өскемен қаласы. 12. №18 мекемесі жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының аға инспектор-психологы (С-SGU-12) – 1 бірлік. Орналасқан жері: ШҚО, Шемонаиха ауданы, Половинка ауылы. Лауазымдық нұсқаулықтары: -ІІО жеке құрамының жедел-қызметтік жұмысын психологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыру, қызметкерлердің жұмысқа кәсіби қабілеттілігін қалпына келтіруді және психологиялық оңалтуды жүргізу; - қызметтік ұжымда қолайлы психологиялық климат қалыптастыру, оларда әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізу, қызметкерлерге психологиялық консультация беру; - жеке құрамды кәсіби психологиялық даярлау, ІІО-ның қызметкерлеріне психологиялық көмек көрсету болып табылады. - ҚАЖ қызметкерлерімен психологиялық жұмыс жасау мәселелері бойынша қызметтік іс-әрекетпен байланысты есеп және басқа да құжаттарды әзірлеуге; Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғары, арнайы-орта (психология, педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, әлеуметтану, филология, әлеуметтік жұмыс;), жасы: отыз бес жасқа дейін. * Сонымен қатар Заңдарды және нормативті құқықтық актілерді білу. 13. №18 мекемесі тылдық қамтамасыз ету бөлімінің инженері (С-SGU-13) – 1 бірлік. Орналасқан жері: Шемонаиха ауданы, Половинка ауылы. Лауазымдық нұсқаулықтары: - мемлекеттік сатып алуларды ҚР заңдылық актілерін және ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңын басшылыққа алып өткізеді. - келісім-шарттарды жасайды, бұйрықтарды дайындайды, жеткізушілермен сөйлесулерді өткізеді. - кіріс хаттарды уақытылы өндеуін қамтамасыз етеді, құжаттардың орындалуын бақылайды, жоспарларды және оларды орындалуы туралы анықтамаларды жасайды. - жүйелі түрде өзінің білімін көтеру, шаруашылық қызметтін жүргізуді даму әдістері мен нысандарын нығайтуға жағдай жасау. Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғары, арнайы-орта (психология, педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, әлеуметтану, филология, әлеуметтік жұмыс;), жасы: отыз бес жасқа дейін. * Сонымен қатар Заңдарды және нормативті құқықтық актілерді білу. 14. №73 мекемелерінің тәртіп бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының бақылаушысы (С-SV-13) – 4 бірлік. – ШҚО, Өскемен қаласы. Лауазымдық нұсқаулықтары: Белгіленген өткізу тәптібін сақтауды қамтамасыз етеді. Тексеруді тексерілетіндерімен бір жынысты адаммен өткізеді. Тексеруді портативтік теміралауғыш қондырғысын қолданумен өткізеді. Мекеменің күзетілетін аумағына кіру үшін қызметкерлерге және өзге де адамдарға тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарын беруін өткізеді. Бақылап өткізу орнында қарау-тексеру жұмыстарын жүзеге асырады. Мекеменің бейнебақылау жүйесінің, рентгенқұрылғының, ұялы телефондар дабылдарын тексеру және бейне регистраторларды бақылау жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды. Радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, оларды мекемеге пайдалану бойынша белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта, арнайы орта, отыз бес жасқа дейінгі. 15. №73 мекемесінің тәртіп және күзет бөлімінің ғимараттарды күзету бойынша бақылаушысы (С-SV-13) – 9 бірлік. – ШҚО Өскемен қаласы. 16. №73 мекемесінің тәртіп және күзет бөлімінің бақылаушысы (С-SV-13) – 15 бірлік. – ШҚО Өскемен қаласы. Лауазымдық нұсқаулықтары: Байқап өту арқылы өтетін транспорт пен жүктің, адамдардың өту тәртібінің қатаң ұсталуын, сол сияқты тексеру тобының жеке құрамының міндеттерін толық және нақты атқаруын бақылайды және қамтамасыз етеді. Бекітілген өткізу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Өзара әрекеттесетін қарауылмен, мекеме бастығының кезекші көмекшісімен тығыз байланыста болады, қажеттілігіне қарай оларға күзет жоспарына сай көмек көрсетеді, қадағалауды жандандыру мәселелері бойынша мекеменің басқа қызметтерімен өзара әрекет жасайды. Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта, арнайы орта, отыз бес жасқа дейінгі. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау орыны: ШҚО Өскемен қаласы Леваневский көшесі 21, кабинет 100. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi. *Орта басшы құрам, яғни пробация қызметінің инспекторлары үшін: мемлекеттік тілді білу тестілерін және нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы», «Ішкі істер органдары туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасы қылмыстық – процессуалды кодексі, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексі және басқа кәсіби қызметке байланысты нормативтік құқықтық актілер туралы білу тестілерін қамтиды. *Кіші басшы құрам, яғни бақылаушылар үшін: заңнамаларды білуге тестілерді тапсырмайды.
