Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлінісі болып табылады.
Жыл сайын көктем-жаз маусымының басталуымен балалардың терезеден құлау фактілері тіркеледі. Терезелердің жиі ашылуы, балалардың қараусыз қалуы және қауіпсіздік шараларының сақталмауы қайғылы жағдайларға әкеліп соғады. Астана қаласының Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Қуаныш Тоқсарин, Астана қаласы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Марат Өмірбаев, Астана қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК медициналық қызметтердің сапасын бақылау және стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары Медет Нұғыманов балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелерін қозғады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Балалардың терезеден құлауы қоғам үшін өзекті әрі алаңдатарлық мәселе болып отыр. Әсіресе көктем және жаз айларында қауіп күшейе түседі, өйткені тұрғындар үйлерінің терезелерін жиі ашып, бұл кішкентай балалар үшін үлкен қатер тудырады. Статистикалық деректерге сәйкес, мұндай оқиғалардың басым бөлігі 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеледі. Қайғылы жағдайлардың негізгі себептері қатарында ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы, терезелерде арнайы қорғаныс құрылғыларының болмауы, сондай-ақ масадан қорғайтын торларға артық сенім арту фактілері жиі кездеседі. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды ескертеді. Мамандардың айтуынша, үйде кішкентай бала болған жағдайда терезелерді ашық қалдырмау аса маңызды. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау, әсіресе олардың терезе мен шыны есіктердің жанында ойнауына жол бермеу қажет. Москит торларының қауіпсіздік құралы емес. Балалар оларды тірек ретінде қабылдап, сүйенген жағдайда торымен бірге құлап кетуі мүмкін. Осыған байланысты терезелерге арнайы қауіпсіздік құлыптарын орнату және жиһазды терезеге жақын орналастырмау ұсынылады. Астана қаласында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. 2026 жылдың басынан бері полиция қызметкерлері 2304 дәріс өткізіп, 500-ден астам жадынама таратқан. Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2900 тұрғын үй чаттарына және 250-ге жуық ата-аналар чаттарына арнайы хабарламалар жолданған. Жыл басынан бері ата-аналармен 197 жиналыс ұйымдастырылып, оған 6063 адам қатысқан. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері азаматтармен тұрақты түрде кездесулер өткізіп келеді. Профилактикалық шаралар білім беру ұйымдарында және ата-аналар жиналыстарында да жалғасуда. Мамандар ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін ескертіп, бұл талаптарды орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. Балалардың терезеден құлауын алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті ювеналдық полиция қызметкерлерімен, ОСИ төрағаларымен және еріктілермен бірлесіп, көпқабатты тұрғын үй кешендерінің тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 15-тен астам тұрғын үйде аралау жұмыстары ұйымдастырылып, 100-ден астам жадынама кіреберістер мен лифтілер маңына орналастырылды. Жалпы 1500-ден астам тұрғын ақпараттық жұмыстармен қамтылды. Қаладағы 20 мектепте 800-ден астам оқушыны қамти отырып дәрістер өткізілді. Сонымен қатар 18 балабақшада арнайы сабақтар ұйымдастырылды. Ақпараттық жадынамалар WhatsApp мессенджері арқылы ата-аналар, ОСИ және ПИК чаттарында да кеңінен таратылуда. 2025 жылы әлеуметтік осал отбасылардың пәтерлерінде 1220-дан астам қауіпсіздік құлыптары орнатылды. Оның ішінде №2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасында 100 блокиратор қойылған. Ал 2026 жылдың басынан бері 6 қауіпсіздік құлпы орнатылды.
Всемирный день гражданской обороны ежегодно отмечается 1 марта. Эта дата связана с созданием Международной организации гражданской обороны — структуры, объединяющей государства мира в целях защиты населения от чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера. История организации началась в 1931 году по инициативе французского генерала Жоржа Сен-Поля. В 1972 году Международная организация гражданской обороны получила статус межправительственной организации и с тех пор координирует международное сотрудничество в сфере гражданской защиты. За годы своего развития гражданская оборона прошла значительный путь становления и совершенствования и сегодня является важной составной частью государственной системы гражданской защиты. В Республике Казахстан задачи гражданской обороны выполняют спасатели, пожарные и военнослужащие войск гражданской обороны Министерства по чрезвычайным ситуациям. Сотрудники Департамента по чрезвычайным ситуациям города Астаны ежедневно обеспечивают безопасность жителей и гостей столицы, оперативно реагируя на возникающие угрозы и чрезвычайные ситуации. В текущем году Всемирный день гражданской обороны проходит под девизом: «Управление экологическими рисками для устойчивого и безопасного будущего». Данный девиз подчёркивает важность предупреждения рисков и эффективного управления ими для обеспечения безопасности населения и устойчивого развития экономики. Гражданская оборона представляет собой составную часть государственной системы гражданской защиты и предназначена для реализации комплекса мероприятий, проводимых в мирное и военное время, направленных на защиту населения и территории Республики Казахстан от поражающих факторов современных средств поражения, а также от чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера. Основными задачами гражданской обороны являются своевременное оповещение населения об угрозах и опасностях, организация эвакуации людей из опасных зон, укрытие населения в защитных сооружениях, проведение аварийно-спасательных и неотложных работ, оказание медицинской помощи пострадавшим, обучение населения действиям при чрезвычайных ситуациях, а также обеспечение устойчивого функционирования организаций в условиях чрезвычайных ситуаций. В современных условиях значение гражданской обороны постоянно возрастает. Природные катастрофы, техногенные аварии и другие угрозы требуют высокой готовности не только профессиональных служб, но и населения. Каждый гражданин должен знать сигнал оповещения «Внимание всем!», понимать порядок действий при чрезвычайных ситуациях и соблюдать установленные правила безопасности. Всемирный день гражданской обороны напоминает о том, что безопасность общества во многом зависит от личной ответственности каждого. Подготовленность, знания и дисциплина являются основой сохранения жизни и здоровья людей
Астанада жыл басынан бері 818 өрт оқиғасы тіркелді. Жеке секторда 327 өрт оқиғасының болуы тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау маңызды екенін көрсетеді. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ғабит Бабаев мәлімдеді. Спикердің айтуынша, 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы басталғалы бері Астана қаласының тұрғын секторында 55 өрт болды. Бұл суық мезгілде қауіптің артатынын дәлелдейді. Қалада 31 мыңға жуық жеке тұрғын үй бар, оның ішінде 22 мың үй қатты отын жағатын пешпен, ал 9 мыңға жуық үй газ жүйесімен жылытылады. Бұл деректер өрттің алдын алу шараларын күшейтудің маңызын айқындайды. «Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өрттің алдын алу мақсатында халықпен жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Ерекше назар әлеуметтік осал санаттағы 1 738 отбасыға аударылған. Жылыту маусымы басталар алдында жергілікті атқарушы органдар, полиция және әлеуметтік қорғау мамандарымен бірлесіп, аталған санаттағы үйлерге 100% профилактикалық аралау жүргізілген. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары түсіндірілді. «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында құтқарушылар әлеуметтік аз қамтылған және әлеуметтік осал отбасыларға қайта барып, пеш пен жылыту құралдарын дұрыс қолдану ережелерін түсіндіруде. Бүгінге дейін 108 рейд, 13 мыңнан астам үйді тексеру, 20 мыңға жуық тұрғынды қамту жұмыстары атқарылған. Тексеру нәтижесінде 9 мыңға жуық бұзушылық анықталып, оларды жою бойынша тиісті ұйымдарға нұсқама берілді. Әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне 436 улы газ датчигі орнатылды. Соңғы төрт жылда жалпы 3 мыңға жуық датчик орнатылған», – дейді Ғабит Бабаев. Оның айтуынша, биыл 1-5 желтоқсан арлығында Полиция департаментімен бірлескен «Газбаллон» акциясы ұйымдастырылып, газбен жабдықталған автокөліктердің иелеріне, газ құю бекеттерінің өкілдеріне, тұрғындарға газ балонды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау насихатталды. Өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында кең көлемді ақпараттық кампания жүргізілуде. Сонымен қатар, құтқарушылар мектептерде сынып сағаттарын өткізіп, жасөспірімдерге балаларды қараусыз қалдырудың қауіптілігі туралы түсіндіруде. 2025 жылдың желтоқсан айының басында Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері газбаллонды жабдықты қауіпсіз пайдалану бойынша ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізген. Автожолдарда және жабық паркингтерде рейдтер ұйымдастырылып, 120-дан астам ПИК және МБИ төрағаларымен кездесулер өткен. Оларға ГБО орнатылған көліктердің жабық паркингке кіруіне тыйым салынатыны ескертілген. Қыс мезгілі басталғанда пештер мен электр жылыту құралдарын қолдану көбейеді. Осыған байланысты государственный орган мынандай қауіпсіздік ережелерін еске салды: пеш пен мұржаның жарамдылығын алдын ала тексеруді; • мұржаны күйеден жүйелі түрде тазалауды; • жылыту құралдарын қараусыз қалдырмауды; • өздігінен жасалған немесе ақауы бар құрылғыларды қолданбауды; • бір розеткаға бірнеше қуатты құрал қоспауды қатаң ескертеді. Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу қажет. «Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды үйлерін қысқы маусымға мұқият дайындауға, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады», – деп ТЖД өкілі астаналықтарға үндеу жасады.
Астана қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Елорданың тұрғын үйлеріндегі өрт жағдайы туралы» тақырыбында брифинг өтті. Шараға Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ғабит Бабаев қатысып, елордадағы өрт жағдайына қатысты өзекті мәліметтермен бөлісті. Ағымдағы жылдың басынан Елорда аумағында 738 өрт оқиғасы тіркелді, өкінішке орай, 9 адам қаза тауып, 20 адам түрлі жарақат алды. 738 өрттің 302 өрт оқиғасы немесе жалпы өрттің 41 пайызы тұрғын үй секторында орын алған. Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алғандықтан, жылу беру маусымы кезеңінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесі ерекше назарда. 2025-2026 жылғы жылу беру маусымы басталғалы бері Елордадағы тұрғын үй секторында 20 өрт оқиғасы тіркеліп, 2 қайғылы жағдай орын алды. ( өткен жылы - 19 ). Көміртегі тотығымен улану фактілері тіркелген жоқ . Жылу беру маусымы кезеңінде төтенше жағдайлар мен адам шығынына жол бермеу мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша халықпен ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Қазіргі таңда Елорда аумағында 31 мыңға жуық жеке тұрғын үй бар, олардың 22 000-ға жуығы қатты отынмен пеш арқылы жылытылады, ал 9000-ға жуық тұрғын үй орталық газбен жабдықтау желісіне қосылған. Астана қаласы бойынша 1738 тұрмысы нашар, әлеуметтік бейімделмеген осал топтары тұратын отбасылар есепке алынды. Жылу беру маусымы басталғанға дейін жергілікті атқару органдары, ішкі істер органдары және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің қызметкерлерін тарта отырып, аталған әлеуметтік осал топқа жатқызылған жағдайы төмен отбасылырдың тұрғын үйлері 100 пайыз толық араланып, өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Өрттердің алдын алу және олардың санын азайту мақсатында Департамент қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 22 қазаны мен 22 қарашасы аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» Республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Құтқарушылар бірінші кезекте- тұрмысы нашар отбасылар мен әлеуметтік бейімделмеген осал топтары тұратын азаматтардың тұрғын үйлерін қайта аралап, тұрғын үйде жылыту аспаптары мен пештерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруде. Қазіргі таңда, жергілікті атқарушы орган, полиция қызметкерлері және еріктілерді тарта отырып 75 рейдтік іс-шара өткізілді. Іс шара барысында 9500 жеке тұрғын үй араланып, 15000 ға жуық адамға өрт қауіпсіздігі ережері түсіндірілді. Аралау кезінде 9 000-ға жуық өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері анықталып, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мекемелерге ұсыныс хат жолднды. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына 326 улы газ анықтайтын датчик орнатылды. Соңғы төрт жылда барлығы 3000-ға датчик орнатылған. Құрметті тұрғындар! Қыс мезгілінің басталуына байланысты пештер мен электр жылытқыштарды белсенді пайдалану кезеңінде әрбір азаматтың қауіпсіздік ережелерін сақтауы аса маңызды. Сондықтан: Жылу беру маусымы басталғанға дейін пеш пен мұржаның жарамдылығын тексеріңіз; Мұржаларды күйеден үнемі тазалаңыз; Пеш пен қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз; Үйде жасалған немесе ақаулы жылытқыштарды қолданбаңыз; Бір розеткаға бірнеше қуатты құрылғыны қоспаңыз; Өрт оқиғасы орын алған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз. Сонымен қатар тұрғындарды өз үйлерінің қысқы кезеңге дайындығына мұқият болуға шақырамын. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар - олардың қауіпсіздігі әрбіріміздің ортақ жауапкершілігіміз!