"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің міндеті - зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама, міндетті әлеуметтік сақтандыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    «Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» семинары

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» семинары 2026 жылдың 10 наурыз айында Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің № 1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары «Протездік- ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп- тұру құралдарын ұсынуға медициналық- әлеуметтік көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер» тақырыбында «Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» мамандарымен семинар өткізді. Семинар барысында техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Мекеме дәрігерлері тарапынан мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту және абилитацияның жеке бағдарламасын әзірлеуге қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Практикалық мысалдар негізінде кресло- арбалардың және жүріп- тұруға арналған құралдардың түрлері, сондай-ақ оларды тағайындауға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер қарастырылды. Семинар белсенді талқылау форматында өтті, мамандар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша қажетті түсіндірмелер алды.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Егер отбасында төрт бала болса, ай сайын республикалық бюджеттен қандай әлеуметтік төлемдер алуға құқығым бар?

    Жауап

    Республикалық бюджеттен төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады және төленеді (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін).

    Сұрақ

    Мүгедек балаларды куәландыру/қайта куәландырудан өту процесін жеңілдету.

    Жауап

    МӘС жүргізуді оңайлату мақсатында әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру талаптарын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау мүмкіндігін ескере отырып, қызмет көрсетудің бизнес-процесін өзгерту бөлігінде Министрлікпен 2019 жылы МӘС жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді: - мәліметтер ақпараттық жүйеде болған жағдайда қағаз жеткізгіштегі құжаттар талап етілмейді, өйткені құжаттарды алуға сұрау салу «электрондық үкімет» шлюзі арқылы автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады; - МӘС-ке ұсынылатын құжаттардың тізбесі қысқартылды (міндетті 3 құжат - жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), медициналық ұйымнан № 031/е нысандағы МӘС қорытындысы және ауру динамикасын талдау үшін пациенттің медициналық картасы); - МӘС жүргізу нәтижелері бойынша құжаттарды электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталының «жеке кабинетінде» куәландырылатын адамның сұрау салуы бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде немесе бір реттік парольді пайдалана отырып алуға болады.

    Сұрақ

    Оңалту әлеуеті қалай бағаланады?

    Жауап

    Оңалту әлеуеті былайша бағаланады: 1) жоғары – денсаулықтың, тіршілік-тынысындағы шектеулердің, еңбекке қабілеттігі мен әлеуметтік мәртебесінің толығымен қалпына келтірілуі (толық оңалту); 2) қанағаттанарлық – организм функцияларының шамалы білініп бұзылуы, тіршілік-тынысы санаттарын шектелген көлемде немесе техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар арқылы орындау мүмкіндігі, әлеуметтік қолдауға мұқтаждық; 3) төмен – организм функциялары бұзылушылығының айқын білінуі, тіршілік-тынысы санаттарының көпшілігін едәуір шектеулермен орындау, мүгедектің әлеуметтік қолдауға үнемі мұқтаж болуы; 4) оңалту әлеуетінің болмауы – организм функцияларының өте айқын бұзылуы, негізгі қызмет түрлерінің орнын толтыруға немесе өздігінен орындауға мүмкіндіктің болмауы, өзгелердің күтіміне мұқтаж болу.

    Сұрақ

    Мүгедектік қашан белгіленбейді?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 3 тараудың 13 бабының 2-2 тармағы бойынша тұрмыс-тіршілік санаттарының біреуінің (өзіне өзі қызмет көрсетуге, жүріп-тұруға, еңбек қызметіне (еңбекке қабілеттілікке), оқып үйренуге, бағдарлай білуге, қарым-қатынас жасауға, өзінің жүріс-тұрысын бақылауға, ойын қызметіне және танымдық қызметке, қозғалыс белсенділігіне қабілеті) шектелуіне әкеп соқтыратын, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындылары бойынша мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленбейді.

    Сұрақ

    МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысының шығару мерзімдері

    Жауап

    2019 жылдың 12 желтоқсанда өзгерістерімен толықтырулар енгізілген ҚР-ның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» заңының 2 параграфы 2 тарауының 14 тармағына сәйкес МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысы: 1) жүгінген күні; 2) МӘС бөлімі алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындысымен бірге куәландырылатын адамды және (немесе) куәландырылатын адамның құжаттарын МӘС әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберген жағдайларда жүгінген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шығарылады. МӘС әдіснама және бақылау бөлімі консультациялық қорытынды шығарады, ол МӘС бөлімі сараптамалық қорытынды шығару кезінде есепке алынады. Егер куәландырылатын адам МӘС бөліміне және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөліміне келмесе, МӘС бөлімі оныншы жұмыс күні алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындыға сәйкес және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің консультациялық қорытындысын ескере отырып сараптамалық қорытынды шығарады.

    Сұрақ

    Медициналық-әлеуметтік сараптаманың шешіміне шағымдану мерзімі қандай?

    Жауап

    Зерттелетін адам немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, оны алған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) анықталған лауазымды тұлғаға шағым береді. шағымдануда. Апелляция Қазақстан Республикасының ӘРПК талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.