Саяси партияны қалай тіркеуге болады?
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі саяси партияны мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады. Саяси партияны ресми тіркеу үшін ҚР 2002 жылғы 15 шілдедегі «Саяси партиялар туралы» Заңын басшылыққа алу қажет. Нені білу керек: Құрылтай съезінен кейін Әділет министрлігіне құжаттарын тапсыруы үшін партияның 4 ай уақыты болады. Қандай құжаттар қажет: Белгіленген нысандағы өтініш. Партияның жарғысы мен бағдарламасы (басшының қолы қойылған екі данада). Құрылтай съезінің (немесе конференциясының) хаттамасы. Партия мүшелерінің тізімдері (қағаз және электронды түрде). Тіркелуі үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек. После учредительного съезда у партии есть 4 месяца, чтобы подать документы в Минюст. Маңыздысы: Бүкіл ел бойынша партияның кемінде 5000 мүшесі болуы керек. Әрбір облыста, республикалық маңызы бар қалада және астанада кемінде 200 партия мүшесі болуы тиіс. Партия тіркелгеннен кейін 12 ай ішінде өңірлердегі өзінің филиалдары мен өкілдіктерін тіркеуі тиіс. Бұл орындалмаса, тіркеуі жойылуы мүмкін. Тіркеу және барлық рәсімдер заңды тұлғалар үшін заңнамада белгіленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Тіркеу барысында проблемалар анықталса, мерзімі тоқтатылуы мүмкін. Бұзушылықтар жойылғаннан кейін тіркеуші орган партияны тіркеу немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі «Саяси партиялар туралы» № 344-ІІ Заңы (17.07.2024 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтыруларымен)
