Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзінің құзыры аясында ведомствалық аймақта құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    "Банк ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру бағдарламасы (ипотекалық несиелер) бойынша несиені қайта қаржыландырудан бас тартқан жағдайда не істеу керек?"

    Жауап

    Қайта қаржыландырудан бас тартқан жағдайда қарыз алушы ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан бас тартуға қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссияға жүгінуге құқылы.

    Сұрақ

    "Нұрлы жер"тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалға берілетін тұрғын үйді қандай санаттар ала алады?

    Жауап

    "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үймен халықтың тұрғын үй сатып алу үшін жеткілікті табысы жоқ әлеуметтік осал санаттары: мүгедектер, жетім балалар, көп балалы отбасылар, сондай – ақ ірі мегаполистерде жұмыс істейтін жастар басым қамтамасыз етіледі.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.