"Қарағанды облысы Нұра ауданы Шұбаркөл кенті әкімінің аппараты" ММ
Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Құжаттар
2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері
2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есепке аналитикалық анықтама «Шұбаркөл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес көрсетіледі. 2025 жылы e-license электрондық лицензиялау порталы арқылы барлығы 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: * Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды беру – 10 қызмет (жеке тұлғалар – 3, заңды тұлғалар – 7); * Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 0 қызмет. Мемлекеттік қызметтер баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілген жоқ. 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2 бас тарту тіркелді. 2025 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2025 жылы тұрғындарға 64 мемлекеттік қызмет алуға көмек көрсетілді. Шұбаркөл кентінің әкімі: К.С Джазалиев