Қарағанды облысы Нұра ауданы Соналы ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ әкім аппараты туралы осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Ақпарат

    2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есеп

    ГУ «Аппарат акима села Соналы Нуринского района» за отчетный период 2024 года было оказано 8 (восемь) государственные услуги. В целях пропаганды веб-портала электронного правительства в населенном пункте вывешен баннер, жителям села вручаются брошюры и памятки о возможности получения государственных услуг в электронном виде через веб-портал. В здании акимата функционирует уголок самообслуживания «eGov.kz». В отношении государственных услуг в государственное учреждение жалоб от услугополучателей за указанный период не поступало. За отчетный период 2024 года отказов в оказании государственных услуг не было.

    Ақпарат

    Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимінде жасауға болады

    Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимінде жасауға болады Енді жылжымайтын мүлік иелеріне коммуналдық қызметтерді алу мақсатында шарт жасау үшін коммуналдық мекемелерге барудың қажеті жоқ. Оларға жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде шартты автоматты түрде жасау туралы SMS-хабарлама келетін болады. Пилоттық жоба Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында іске асырылды. Айта кетейік, бұған дейін бұл қызмет Астана мен Алматыда жүзеге асырылған болатын. Бұл қалаларда сервис енгізілгеннен күннен бастап жүз мыңнан астам онлайн шарттар жасалды. «Мемлекеттік корпорация өзгерістер драйвері ретінде Invisible Government жолында технологиялық және клиентке бағдарланған сервистерді қалыптастыруда. «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінің әкімдіктің жүйелерімен интеграциялануының арқасында мүліктің жаңа иелеріне коммуналдық қызметтерді ұсынушылармен автоматты түрде шарт жасау мүмкіндігі пайда болды», - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев. Айта кетейік, жылжымайтын мүлікті сатып алған сәтте қазақстандықтарға шарт жасасу туралы ұсыныс келіп түседі. Меншік иесі келіскен жағдайда деректер коммуналдық қызметтерге жіберіледі және тұрғын үй иесінің қатысуынсыз автоматты түрде шарт жасалады. Өтінім қаралғаннан кейін мүлік иесіне SMS-хабарлама келіп түсіп, дайын құжатқа сілтеме беріледі. Жақын арада Мемлекеттік корпорация жоба ауқымын кеңейтуді және оны бүкіл республика бойынша іске асыруды жоспарлап отырғанын айта кеткіміз келеді. Заключить договор с коммунальными службами можно онлайн Теперь владельцам недвижимости не обязательно обращаться в коммунальные инстанции для заключения договора на поставку услуг. При регистрации недвижимости им будет приходить SMS-сообщение с предложением автоматического заключения договора. Пилотный проект реализован в Алматинской, Актюбинской, Жамбылской, Северо-Казахстанской, Акмолинской, Карагандинской, Костанайской, Кызылординской, Мангистауской и Туркестанской областях, а также в области Жетысу. К слову, ранее сервис стал доступен в Астане и Алматы. С момента внедрения в этих городах было заключено более ста тысяч онлайн договоров. «Госкорпорация, как драйвер изменений, формирует технологичные и клиентоориентированные сервисы на пути к Invisible Government. Благодаря интеграции ИС «Единый государственный кадастр недвижимости» с системами акиматов, новым владельцам недвижимости предоставляется возможность автоматически заключать договор с поставщиками коммунальных услуг», - рассказал Председатель Правления Госкорпорации Арман Кенжегалиев . Отметим, что при покупке недвижимости казахстанцам поступит сообщение с предложением заключить договор. При согласии собственника данные будут направляться в коммунальные службы, и договор будет заключаться автоматически без участия хозяина жилья. После рассмотрения владельцу поступит SMS-сообщение, где будет указана ссылка на готовый документ. К слову, в ближайшем времени Госкорпорация планирует масштабирование проекта и реализацию его по всей республике.

    Ақпарат

    Жас маманға - мүмкіндік

    Жас маманға - мүмкіндік Бүгінгі күні қаладан шалғай орналасқан ауылдық жерлерде мамандар тапшылығы бар екені бәрімізге белгілі. Оның бірнеше себептерін атап өтуге болады. Ең басты себебі ауылдық жерлерде қалаларда жасалғандай жағдайдың болмауы. Осыны ескеріп, мемлекетімізбен жастардың ауылдық жерде жұмыс істеуін ынталандыру мақсатында 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама бойынша ауылдық жерге жұмыс істеуге келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қарастырылған. Бағдарлама алғашында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын қамтыған болса, кейіннен агроөнеркәсіптік кешені кеңейтіліп, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер, ветеринариялық техник, зоотехник, инженер-технолог, балық өсіруші, технолог, фермер сынды мамандықтары қосылды. Соңғы 2020 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес бағдарламаға қатысушылар ауқымы кеңейтіліп, жеңілдіктерді алушылардың қатарына мемлекеттік қызметшілер де қосылды. Бағдарламаға қатысушыларға ауылдық елді мекенде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 15 жыл мерзімге, 0,01% мөлшерлемемен, 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджеттік кредит және 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы көтерме жәрдемақы (қайтарымсыз) беріледі. Көрсетілген жеңілдікті былтырғы жылы облысымыз бойынша 464 жас маман пайдаланса, биылғы жылдың 1 тоқсанында 107 маман жобаға қатысуға өтінім білдірген. Өтінім білдіру үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келесі құжаттарды ұсынады: 1) көтерме жәрдемақы алған кезде: -өтiнiш; -жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); -бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; -көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi; 2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде: -өтiнiш; -жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); -бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; -көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi; -сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін); Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындарын аяқтаған жастарды аталған мүмкүндікті пайдаланып, ауылдық елді мекендерде қызмет етуге шақырамыз. Сахариева Асель Болаткановна Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы

    Ақпарат

    Мемлекеттік қызметтер: басымдылықтары мен ерекшеліктері.

    М емлекеттік қызметтер: басымдылықтары мен ерекшеліктері . Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы - азаматтар мен мемлекет арасындағы жоғарғы деңгейдегі өзара қатынасты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қызметтер қоғамдағы қызметтің кең спектрін қамтиды және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, бюрократиялық рәсімдерді жеңілдетуге және мемлекеттік функциялардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қоса, соңғы жылдары елімізде электрондық мемлекеттік қызметтер белсенді дамуда. Бұл азаматтарға қажетті қызметтерді тез әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік береді. Жүйенің орталық элементі - «Э лектрондық үкімет» порталы болып табылады. Ол онлайн қызметтердің кең спектрін ұсынады. Аталған портал азаматтарға келесідей мүмкіндіктер береді: - Қызметтерді алуға онлайн өтініш беру. - Мемлекеттік баждар мен салықтарды төлеу. - Өтініштердің жай-күйін онлайн қадағалауға. - Түрлі мәселелер бойынша кеңестер мен ақпарат алу. Сонымен қатар, портал күту уақытын едәуір қысқартып, мемлекеттік мекемелерге тікелей бару қажеттілігін жояды . Елімізде мемелекеттік қызметтерді дамытуда жүргізіліп отырған тиімді саясаттың негізінде қазіргі уақытта келесідей артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беріліп отыр. Бірінші артықшылығы - ашықтық және қолжетімділік. Электрондық мемлекеттік қызметтер қызметтерді алу процесін тіркелген жеріне қарамастан барлық азаматтар үшін ашық және қолжетімді етеді. Екіншіден, жылдамдық пен тиімділік: көптеген процестерді автоматтандырудың арқасында мемлекеттік қызметтер тезірек ұсынылады, бұл мемлекеттік жүйенің жалпы тиімділігін арттырады. Үшіншіден, ыңғайлылық: көптеген қызметтерді онлайн режимінде алу мүмкіндігі мемлекеттік мекемелерге жеке бару қажеттілігін азайтады, бұл әсіресе шалғай аймақтарда тұратын азаматтар үшін маңызды. Төртіншіден, қауіпсіздік: электрондық жүйелер азаматтардың дербес деректері мен ақпаратын қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Қорыта келе, Қазақстандағы мемлекеттік қызметтер халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда және азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуде шешуші рөл атқарады. Электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту - мемлекеттік функциялардың ашықтығын, тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл мемлекеттік жүйені жаңғырту және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы - Кеңесұлы Ілияс

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.