Шахтинск қаласының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Шахтинск қаласы әкiмнiң және әкімдігінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Құрметті Шахан кентінің тұрғындары!

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, облыстың барлық деңгейдегі әкімдерінің 2026 жылға арналған халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесі әзірленді, оған сәйкес 2026 жылғы 18 маусымда сағат 16.00-де Шахан кентінің мәдениет үйінде Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков Мұрат Есетұлының Шахан кентінің тұрғындарымен кездесуі өтеді. Қала әкіміне жеке сұрақ немесе шағым беруге ниет білдірген барлық адамдар үшін кездесу аяқталғаннан кейін тікелей азаматтарды қабылдау ұйымдастырылады. Қабылдауға алдын ала жазылу Шахан кентінің әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінде және 32417 телефоны бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, арнайы орнатылған жәшіктер немесе «жедел желі» телефоны арқылы қала әкіміне өз ұсыныстарыңызды білдіріп, сұрақтарыңызды қоюға болады. Шахтинск қаласы әкімінің аппараты Елді мекен Жәшіктердің орналастырылған жері Мекенжайы «Жедел желі» телефоны Шахан кенті Шахан кенті әкімінің аппараты Шаханская көшесі, 11 32417 Кентттің МҮ Кенесары Қасымұлы көшесі, 1/1 Кенттің отбасылық денсаулық орталығы 15 квартал Кенттің пошта байланысы бөлімшесі Шаханская көшесі

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Құрметті Долинка кентінің тұрғындары!

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, облыстың барлық деңгейдегі әкімдерінің 2025 жылға арналған халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесі әзірленді, оған сәйкес 2026 жылғы 11 маусымда сағат 16.00-де Долинка кентіндегі Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайының филиалында Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков Мұрат Есетұлының Долинка кентінің тұрғындарымен кездесуі өтеді. Қала әкіміне жеке сұрақ немесе шағым беруге ниет білдірген барлық адамдар үшін кездесу аяқталғаннан кейін тікелей азаматтарды қабылдау ұйымдастырылады. Қабылдауға алдын-ала жазылу Долинка кенті әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінде және 58252 телефоны бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, арнайы орнатылған жәшіктер немесе «жедел желі» телефоны арқылы қала әкіміне өз ұсыныстарыңызды білдіріп, сұрақтарыңызды қоюға болады. Шахтинск қаласы әкімінің аппараты Елді мекен Жәшіктердің орналастырылған жері Мекенжайы «Жедел желі» телефоны Северо-Западный және Долинка кенттері Северо-Западный кентінің «Продукты» дүкені Бурцев көшесі, 4 58252 Долинка кентінің пошта байланысы бөлімшесі Садовая көшесі, 58 Долинка кенті әкімінің аппараты Садовая көшесі, 58 Сангородок кентіндегі «Ксюша» дүкені Сангародок кенті, Лесная көшесі, 9

    11 маусым 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Коммерциялық мақсатта жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады. Сатуға арналған жер учаскесі сауда-саттыққа (аукционға): - жер учаскесінің шекараларын анықтағаннан кейін; - жер учаскесінің нысаналы мақсатын және оның кадастрлық (бағалау) құнын айқындағаннан кейін; - Сауда-саттықты (аукциондарды)өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін; - Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізу туралы хабарлама жариялағаннан кейін шығарылады. Жергілікті атқарушы орган жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға беру құқығын сатушы ретінде әрекет етеді. Жер учаскелерін сату бойынша сауда-саттық (аукциондар) немесе жер учаскелерін жалға алу құқығы орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Мемлекеттік мүлік тізілімінің сауда-саттықтары мен аукциондарын өткізуге арнлаған электрондық алаңда электрондық форматта өткізіледі. Хабарлама жарияланған күннен бастап Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында конкурсқа қатысуға өтінім беру арқылы коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін алу мүмкіндігі бар.

    Сұрақ

    «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша өтініш неше күн бойы қаралады?

    Жауап

    «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініш 10 жұмыс күні қаралады. Қызмет қағаз жеткізгіште көрсетіледі. Ол үшін меншік иесі сәйкестендіру құжатының көшірмесін (жер учаскесін уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығына актіні не жер-кадастрлық жоспарды) және жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттың көшірмесін қоса бере отырып, белгіленген үлгідегі өтініш жазуы қажет. Бұл мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - әкімдіктің қаулысы және жер учаскесін жалға алу шартын жасау болып табылады.

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Жер учаскесін алу үшін электрондық үкімет порталында өтініш беру қажет eGov.kz. «Жылжымайтын мүлік» бөлімі – «жер қатынастары»,»жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін қарау немесе кезекке қою (10 соток)» қызметі. Әрі қарай, өтініш түрін таңдау керек. Бүгінгі таңда өтініштің үш түрі бар: кезекке қою; деректерді өзектендіру; кезектен шығару. Егер Сіз учаске алу үшін бірінші рет кезекке тұрсаңыз, онда Сіз учаскені қай жерден алғыңыз келеді сол аймақты таңдауыңыз керек. Егер Сіз алдында кезекке тұрғаныңызға сенімді болсаңыз, бірақ өзіңіз туралы ақпарат таба алмасаңыз, онда Сіз «мәліметтерді жаңарту» деген өтініш түрін таңдауыңыз керек. Өз кезегін растау үшін кезекте тұрғандыңызыды растайтын құжатты (талонның сканер нұсқасы, өтініштің, жеке куәліктің көшірмесі және т.б.) жүктеу қажет. Сондай-ақ, Сіз ЭЦҚ авторизациялау арқылы өз кезегіңізді https://map.gov4c.kz/egkn/сайты арқылы бақылай аласыз. Жеке тұрғын үй құрылысына беруге арналған алаңдарды дайындау туралы ақпарат және кезекте тұрғандар тілік тізімі ашық ақпарат және бұл ақпарат әкімдіктердің веб-сайттарында және (немесе) жергілікті БАҚ-та жарияланады.

    Сұрақ

    Заңдастырылмаған ғимараттар бар, оларды заңдастыруға рұқсат алу үшін неден бастау керек. Cәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) дегеніміз не?

    Жауап

    Рұқсат беру үшін мемлекеттік қала құрылысы кадастры (МҚК) жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынылатын «құрылыс жобаларын (жеке тұлға) әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметін алу қажет. Қызмет: - «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; - Уәкілетті орган бекіткен құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына; - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) — жоспарланған құрылыс немесе қайта құру объектісінің орналасуына, параметрлеріне және архитектуралық шешіміне қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын құжат. Қажетті құжаттар: - мәлімдеме; - мүлікке және (немесе) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар. Қызмет көрсету мерзімі құжаттардың толық топтамасы берілген күннен бастап 10 жұмыс күніне дейін. Қызмет тегін көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» электрондық құжат нысанында жібереді.

    Сұрақ

    Менде үй салуға арналған жер учаскесі болды, менің үйіме мекенжай беру керек. Маған қандай құжаттар керек және мекенжайды қалай алуға болады?

    Жауап

    «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталы немесе ХҚКО арқылы мүлікке (тұрғын үйге) өтініш пен құжаттарды қоса бере отырып, электрондық түрде ұсынылады. Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру/жою мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: - «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметіне өтініштер қабылдау; - Объектінің орналасқан жеріне бара отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру үшін фотофиксациямен тексеру актісін жасау; - Бұйрық қалыптастырылады және «Мекенжай тіркелімі» АЖ деректер енгізіледі; - Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды. «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» қызметіне өтінішті қараудың жалпы мерзімі Астана қаласы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 3 (үш) жұмыс күнін және аудандар үшін 5 (бес) жұмыс күнін құрайды. Жылжымайтын мүлік объектісіне – тұрғын үйге тұрақты мекенжай беріледі.

    Сұрақ

    Есту аппаратын жоғалттым, егер пайдалану мерзімі аяқталмаған болса, жұмыспен қамту бөліміне жаңа есту аппаратын алуға жүгіне аламын ба?

    Жауап

    Есту аппаратымен мерзімінен бұрын қамтамасыз ету туралы шешімді қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімдері: 1) есту қабілеті нашарлаған және есту аппаратының басқа түрімен есту қабілетін түзету қажет болған кезде; 2) есту аппараты ұрланған немесе жоғалған кезде тиісті құжаттардың негізінде қабылдайды. Есту аппараты ұрланған кезде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан анықтама ұсынылады.

    Ақпарат

    2026 жылғы 15 маусымдағы жағдайы бойынша «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ бос лауазымдар туралы ақпарат

    2026 жылғы 15 маусымдағы жағдайы бойынша «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ бос лауазымдар туралы ақпарат

    Шахтинск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жоспарланған сатулар (аукциондар) туралы ақпарат)

    Жоспарланған сатулар (аукциондар) туралы ақпарат

    Шахтинск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сауда-саттық бойынша 2026 жылғы маусымда Шахтинск қаласында жер учаскелерін алған жеке және заңды тұлғалардың тізімі

    Сауда-саттық бойынша 2026 жылғы маусымда Шахтинск қаласында жер учаскелерін алған жеке және заңды тұлғалардың тізімі

    Шахтинск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 2 тоқсандағы бос жер учаскелері бойынша ақпарат

    2026 жылғы 2 тоқсандағы бос жер учаскелері бойынша ақпарат

    Шахтинск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы мамыр айында Шахтинск қаласында жер учаскелерін алған жеке және заңды тұлғалардың тізімі

    2026 жылғы мамыр айында Шахтинск қаласында жер учаскелерін алған жеке және заңды тұлғалардың тізімі

    Шахтинск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланды

    «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланды: «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас инспекторы (1 бірлік, Е-3 санаты, № 14-01, В блогы) https://share.google/vKZzH4jBf0PLstvnV

    Шахтинск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.