Су шаруашылығы құрылыстарымен қандай түрлермен және қандай жұмыстар жүргізілуде?
Облыстық коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқару жүргізіледі, оларды қорғау жөніндегі шаралар жүзеге асырылады. Иесіз су шаруашылығы құрылыстары анықталған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдер жүргізіледі. 1. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiледi және ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi мүмкiн. 2. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары, атап айтқанда, қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін, коммуналдық меншіктегі су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, су құбырын тазартқыш құрылыстар мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiледi, иеліктен шығарылуға жатпайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.