«Қарқаралы ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
«Қарқаралы ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары салаларында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
- Міндеттері:
ауданның коммуналдық шаруашылығы қызметін үйлестіру;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;
жергілікті деңгейдегі жолдарды ұстау және жөндеу, қайта құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
бар құрылыстардың, ғимараттардың, үймереттердің, инженерлі және көлік коммуникацияларының жаңа құрылысын, сондай-ақ ұлғаюын, техникалық қайта қаруландыруын, жаңғыртуын, қайта жабдықтауын, қалпына келтіруін және күрделі жөндеуін қамтамасыз етеді.