«Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
«Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аграрлық сектордың даму концепцияларын, жобалау тенденцияларын талдауын жүзеге асыру және оның келешегін анықтау және нарықтық қарым-қатынас шарттарында ауданда аграрлы саясатты жүргізу.
Функциялары: Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету; Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру; көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; қатынаста әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламалар нәтижесіне жету және орындау, негіздеу, жоспарлау; тұқым шаруашылығы субъектілерінің уәкілеттік орган бекіткен бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға; аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң сапасын тексеру; субсидия бөлiнген тұқымның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру;