Жезқазған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
"Жезқазған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Жезқазған қ. ЖК және АЖ бөлімі"ММ) жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі және автокөлік жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. "Жезқазған қ. ЖК және АЖ бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясыга және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне,өзге де нормативтік құқықтық актілерге,сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады."Жезқазған қ. ЖК және АЖ бөлімі" ММ Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері,Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Құжаттар
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша.
«Жезқазған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастар бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобильмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетеді. 2025 жылы бөліммен барлығы 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: қағаз түрінде – 0 ; «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін болғанымен, қағаз түрінде көрсетілгені – 0 ; Мемлекеттік корпорация арқылы – 0 ; электрондық түрде – 18 . Келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде: 14 мемлекеттік қызмет оң нәтижемен көрсетілді ; 4 өтініш бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дәлелді бас тарту берілді . Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері орын алған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетіледі.
"Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
"Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары
Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары