Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

    Басқарма туралы

    «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысында мәдениет және өнер саласында, сонымен қатар, архив ісі және құжаттама жасау қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Мекеменің тарихына қатысты құжаттар архивте сақталады ма, ол құжаттарды қалай алуға болады?

    Жауап

    Мекеменің тарихына қатысты құжаттар мемлекеттік архивтерде сақталады. Архивте пайдаланушыларға оқу залы жұмыс жасайды. Сұранысқа сәйкес тиісті мәліметтер ұсынылып, құжаттардың көшірмелері беріледі.

    Сұрақ

    Еңбек өтілін растауға қатысты архивтік анықтама қанша уақытта дайын болады?

    Жауап

    Еңбек өтілін растауға қатысты архивтік анықтама заңнама талаптарына сәйкес 11 (он бір) жұмыс күні ішінде дайын болады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.