Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Басқарма туралы

    Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметіне басшылық жасау, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларының жүзеге асырылуын ұйымдастыру. Өз құзыреті шегінде басқарманың функционалдық міндеттерін жүзеге асыру аясында орталық атқарушы органдармен, облыстық деңгейдегі басқармалармен, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарымен байланыс жасау, олармен қарым-қатынаста басқарманың мүддесін, сонымен қатар, сот және құқық қорғау органдарымен қарыма-қатынаста басқарманың мүддесін білдіру.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Спорт федерациясынын аккредитацияны қалай алуға болады?

    Жауап

    Спорт федерациясының аккредитациясын алу үшін eGov.kz порталы арқылы жарғыны, басқару құрылымын және даму бағдарламаларын қоса отырып, жергілікті атқарушы органға өтініш беру қажет. Өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған .

    Сұрақ

    Аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары әзірлеген облыстық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекіту қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Басқармаға қағаз жүзінде, электронды пошта арқылы немесе «Е-өтініш» АЖ арқылы жолдай отырып, басқарманың келісімін алу арқылы жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Басқарма басшысының жеке қабылдауына қалай жазылуға болады?

    Жауап

    Қабылдау «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы тіркеліп, алдын ала хабарланады. Немесе жергілікті атқарушы органға келіп жазылуға болады. Жеке қабылдаудың уақыты әр аптаның сәрсенбі күні сағ 16:00-18:00 аралығында.

    Сұрақ

    Балаларды мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдау рәсімі қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Құжаттар қабылдау қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе электронды үкімет веб порталы арқылы жүзеге асырылады. Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына сәйкес құжаттарды электронды үкімет веб порталы арқылы арқылы жүзеге асырылады

    Сұрақ

    "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігі кандидаты" спорттық разрядын алу үшін қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Спорттық атақтарды орындау үшін арнайы белгіленген заң жүзінде www.e-gov.kz порталы арқылы жүгінуге болады. "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығында көрсетілген құжаттарды электронды үкімет веб порталы арқылы онлайн түрде жеке өтініштерін жолдап, 14 жұмыс күні ішінде ресми түрде жауап жолданады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.