«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі

    Департамент туралы

    «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласындағы іске асыру мен бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Маңғыстау облысы бойынша департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп мәселелері бойынша жиналыс өткізілді

    «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
    Ашу

    Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды

    «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
    Ашу

    «Еңбек құқығы: жұмыскер нені білуі керек?» тақырыбында сұхбат өтті.

    «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Лауазымдарды қоса атқару (қызмет көрсету аймағын кеңейту) және уақытша болмаған қызметкердің міндетін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу қандай мөлшерде жүргізіледі?

    Жауап

    Сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі. Жұмыскерлерге тапсырылатын қосымша жұмыстар: 1) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару; 2) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің (ауысымның) белгіленген ұзақтығы ішінде қосымша жұмысты орындауы – қызмет көрсету аймағын кеңейту; 3) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа және осындай лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру алмастыратын жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне кіретін болса, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізілмейді. Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін берілетін қосымша ақының мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен келісім бойынша белгілейді. Екінші тарапты қосымша жұмыс тоқтағанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ете отырып, жұмыскердің – қосымша жұмысты орындаудан бас тартуына, ал жұмыс берушінің оны орындау туралы тапсырмасының күшін жоюға құқығы бар.

    Сұрақ

    Жұмыс уақытының қай кезеңі өткеннен кейін қызметкерге кезекті еңбек демалысы берілуі мүмкін?

    Жауап

    Кодекстің 92-бабына сәйкес жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды. Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді. Демалыстар кестесі өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы жұмыскерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабардар етуге міндетті.

    Сұрақ

    Сынақ мерзіміндегі жұмыскерді жұмыстан шығару қарастырылған ба?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 37 бабына сәйкес жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс беруші оған еңбек шартын бұзуға негіз болған себептер көрсетілген хабарлама беріп, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы. Егер сынақ мерзімі аяқталса және жұмыс беруші еңбек шартының бұзылуы туралы хабардар етпесе, онда жұмыскер сынақ мерзімінен өткен болып есептеледі.

    Сұрақ

    Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен айырмашылығы неде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 27 бабына сәйкес еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы: 1) жұмыскердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы; 2) міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындауы; 3) жұмыскердің еңбегі үшін жалақы алуы шарттардың өзге түрлерінен еңбек шартының ерекше белгілері болып табылады. Еңбек қатынастарының негізінде, еңбек қатынастары субъектілерінің тараптары жасасуға міндетті еңбек шарты болады. Еңбек кодексі қызметкермен еңбек шартын жасаспай, еңбек міндеттерін орындауға кірісуіне жол бермейді. Азаматтық-құқықтық қатынастардың негізінде азаматтық-құқықтық шарттар болады: жұмыстарды (мердігерлікті) орындауға арналған шарт, өтеулі қызметтер көрсету шарты т.б. Жұмыскерге еңбек шарты мен еңбек заңнамасында белгіленген белгіленген мөлшерде жалақы төленеді. Жалақы төлеудің өзге тәртібі мен мерзімдері азаматтық заңнамада көзделеді. Мысалы, мердігерлік шарт бойынша жұмысқа ақы төлеу тәртібі азаматтық заңнамада айқындалған. Осылайша, қызметті жүзеге асыру шарттарына байланысты қатынастар азаматтық-құқықтық шартпен қатар (мысалы, ақылы қызмет көрсету шартымен) еңбек шартымен де реттелуі мүмкін.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.