«Алатау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі

    Мәслихат туралы

    Құрметті қолданушылар!

    Сіздерді Алатау қаласының мәслихатының ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз. Сайтымызда депутаттық корпустың қызметімен, жергілікті өкілді органның өкілеттіктерімен, депутаттар қабылдаған құқықтық актілермен, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің қызметімен таныса аласыздар.

    Біздің сайтымыз жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен халық арасында тиісті ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды орнатуға толық ықпал етеді, бізге барынша сындарлы және өзара тиімді диалог құруға көмектеседі, қажетті ақпаратты, түсініктемелерді алуға және уақытыңызды үнемдеуге көмектеседі деп сенеміз.

    ОтырысАяқталды

    VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXI сессия отырысын өткізу туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 28 мамыр күні сағат 10:30 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXI сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібінде: 1. Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылдың 25 желтоқсандағы № 26-68 «Алатау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.1. Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылдың 25 желтоқсандағы № 26-68 «Алатау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылдың 25 желтоқсандағы № 26-68 «Алатау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 2. Басқа сұрақтар.2. Басқа сұрақтар. Басқа сұрақтар.2. Басқа сұрақтар.2. Басқа сұрақтар. Басқа сұрақтар.Басқа сұрақтар.

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    28 мая 2026 года, г. Алатау, мкр. Коянкус, Акимат города Алатау, в 10.30 ч«Алатау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
    ОтырысАяқталды

    Алматы облысы Алатау қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгеріс енгізу туралы Алматы облысы Алатау қаласы мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

    Алматы облысы Алатау қаласы мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Алатау қаласының мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгеріс енгізетіні туралы хабарлайды. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында бос орындар қалыптасқан. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 28 мамырға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады: 1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер қосымша 4 ; 2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме; 3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттардың учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс. Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс. Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 28 мамырға дейін дүйсенбі - жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін жүзеге асырылады. Алатау қаласының мәслихаты Алатау қаласы мәслихатының төрағасы – Р.М.Абилова Мәслихаттың орналасқан жері: Алатау қаласы, Ж. Құдайбергенов көшесі, №2 ғимараты. Жауапты тұлғалар: Бозжанқызы Асем, әкімдік ғимараты, 2-қабат, жұмыс телефондары: (8727)52 50 5 98, электрондық пошта мекенжайы: [email protected] Қалалық мәслихат учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындарға жаңа мүшелерді сайлайды: Учаскелік сайлау комиссиялары № Сайлау комиссиясының атауы Сайлау комиссиясы орналасқан объектінің атауы Сайлау комиссиясының орналасқан мекенжайы Бос орындар саны 1 2 3 4 5 1 №364 учаскелік сайлау комиссиясы №12 орта мектеп, оң қанаты Алатау қаласы, «Жанадаур» шағын ауданы, Мира көшесі, №3 3 2 №365 учаскелік сайлау комиссиясы №11 орта мектеп Алатау қаласы, «Жанаталап» шағын ауданы, Есіл көшесі № 2 1 3 №373 учаскелік сайлау комиссиясы №12 орта мектеп, сол қанаты Алатау қаласы, «Жанадаур» шағын ауданы, Мира көшесі № 3 2 4 №375 учаскелік сайлау комиссиясы №5 орта мектеп, оң қанаты Алатау қаласы, «Жетыген» шағын ауданы, К.Калибеков көшесі, №5 1 5 №376 учаскелік сайлау комиссиясы №5 орта мектеп, сол қанаты Алатау қаласы, «Жетыген» шағын ауданы, К.Калибеков көшесі, №5 1 6 №381 учаскелік сайлау комиссиясы №6 орта мектеп, оң қанаты Алатау қаласы, «Жетіген» шағын ауданы, Жігер көшесі, № 86 1 7 № 382 учаскелік сайлау комиссиясы №8 орта мектеп Алатау қаласы, «Құйған» шағын ауданы, Мәңгілік ел көшесі, № 1А 3 8 №892 учаскелік сайлау комиссиясы №3 жалпы білім беретін орта мектебі Алатау қаласы, «Даулет» шағын ауданы, Үшқоныр көшесі, № 34 2 9 №1032 учаскелік сайлау комиссиясы № 6654 әскери бөлімі Алатау қаласы, «Заречный» шағын ауданы, № 6654 әскери бөлімі. 1 10 №363 учаскелік сайлау комиссиясы №16 орта мектеп Алатау қаласы, «Ынтымак» шағын ауданы, Мангилик Ел көшесі, №45 1 11 №954 учаскелік сайлау комиссиясы №1 орта мектеп Алатау қаласы, «Заречный» шағын ауданы, Дзержинский көшесі, № 3а 4

    ОтырысАяқталды

    VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезекті XXIX сессия отырысын өткізу туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 27 наурыз күні сағат 11:00 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезекті XXIX сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібінде: 1. “Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылдың 25 желтоқсандағы № 26-68 «Алатау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы” 2. “Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына Алатау қаласының жекелеген құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы ұсыныс енгізу туралы” 3. “Алатау қаласы мәслихат төрағасының 2025 жылы мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс туралы есебі”

    17 наурыз 2026 ж.Тікелей
    27 марта 2026 года, г. Алатау, мкр. Коянкус, Акимат города Алатау, в 11.00 ч«Алатау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
    ОтырысАяқталды

    8 наурыз мерекесі құтты болсын!

    Құрметті аяулы аналар, ардақты арулар! Сіздерді көктемнің ең көркем, ең нәзік мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер – өмірдің шуағы, шаңырақтың шырағы, әлемнің ажарысыздар! Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа толсын, жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, армандарыңыз орындалсын! Сіздерге шексіз бақыт, шынайы махаббат және шалқар шабыт тілейміз!

    ОтырысАяқталды

    Алматы облысы Алатау қалалық мәслихатының Алатау қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру мәселелері бойынша жария тыңдаулар өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ.

    ХАБАРЛАНДЫРУ Алатау қалалық мәслихатының Регламентіне сәйкес, Алатау қалалық мәслихаты сізді Алатау қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру бойынша жария тыңдаулар өткізу туралы хабардар етеді. Өткізу күні мен уақыты: 2026 жылғы 17 наурыз, сағат 10:00 Өткізу орны: Алатау қаласы, Қоянқұс шағын ауданы, Алатау қаласы әкімі аппаратының ғимараты, 2 қабат, конференц зал. Күн тәртібі: Алатау қаласының мынадай құрамдас бөліктеріне атау беру: - «Қоянқұс» ықшам ауданында: атауы жоқ көшеге Әлібаев Жұмағали деп - «Жаңадәуір» ықшам ауданында: атауы жоқ көшеге Сариев Алимбай деп Қосымша сұрақтар үшін байланыс телефоны: 8/72752/50598

    9 ақпан 2026 ж.Тікелей
    г. Алатау, микрорайон Қоянқұс, здание аппарата акима города Алатау, 2 этаж, конференцзал.«Алатау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.