Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі

    Елшілік туралы

    Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 745 Жарлығына сәйкес ашылды.

    Елшіліктің міндеттеріне Қазақстан мен Эфиопия, сондай-ақ Батыс, Орталық және Шығыс Африканың бірқатар елдері (Гана, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Комор аралдары, Сейшел аралдары, Сомали, Эритрея) арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолғабыс ету кіреді. Оның ішінде саяси және мәдени-гуманитарлық іс-қимыл, сауда, инвестициялар, қорғаныс, ғарыш, спорт және т.б. салалар бар.

    Бұдан бөлек, Елшілік өзі аккредиттелген Африка одағымен, ЮНЭКА және ИГАД ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға арналған.

    Африка одағы — Африканың 55 мемлекетінің басын қосатын халықаралық үкіметаралық ұйым, Африка бірлігі ұйымының құқықтық мұрагері. Штаб-пәтері Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия) орналасқан.

    ЮНЭКА — Біріккен Ұлттар Ұйымының бес аймақтық комиссиясының бірі. АЭК мандаты оған мүше мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесуден, өңірішілік интеграцияны ілгерілетуден және Африканың дамуы жолында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етуден тұрады. Штаб-пәтері Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия) орналасқан.

    ИГАД — Шығыс Африканың даму жөніндегі үкіметаралық органы. Оның құрамына Джибути, Судан, Сомали, Эфиопия, Кения және Уганда сияқты елдер кіреді. Штаб-пәтері Джибутиде орналасқан.

    ОтырысАяқталды

    Қазақстан Елшісі Эфиопия Президентіне cенім грамоталарын тапсырды

    Аддис-Абеба, 2025 жылғы 14 қазан – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Эфиопия Президенті Тайе Атске-Селассиеге сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсім барысында Елші Ж.Әділбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен жылы лебіздерін жеткізіп, Қазақстанның Эфиопиямен жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде, Эфиопия Президенті Қазақстан мен Эфиопия арасындағы достық байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, Елшінің дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.

    ОтырысАяқталды

    Эфиопиядағы Қазақстан Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

    Аддис-Абеба, 2025 жылғы 1 7 маусым – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Жалғас Әділбаев Эфиопия Сыртқы істер министрлігі Протокол басшысы Азиза Гелетаға сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың берік сипаты мен өзара тиімділігін атап өтіп, олардың үдемелі дамуы мен тұрақты нығаюын атап өтті. Сауда, ауыл шаруашылығы, энергетика, ақпараттық технологиялар және мәдениет сияқты басты салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына ерекше мән берілді. Қазақстандық дипломат эфиопиялық әріптесін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Ұлттық экономиканы әртараптандыруға, экологиялық таза технологияларды дамытуға және азаматтық қоғамды нығайтуға бағытталған күш-жігерге баса назар аударылды. Елші Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына жетуге және жаһандық проблемаларды шешуге дәйекті түрде үлес қосып отырғанын атап өтті. Протокол басшысы еліміздің реформалар жолындағы соңғы жетістіктерін жоғары бағалап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге сенімін білдірді. Ол Эфиопияның Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі маңызды серіктес ретінде қарастыратынын және мәселелердің кең ауқымы бойынша белсенді өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтті. Кездесу соңында тараптар тұрақты диалогты қолдауға, сондай-ақ Қазақстан мен Эфиопия халықтары арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізуге келісті.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.