Париж қаласындағы (Француз Республикасы) ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі

    Тұрақты өкілдігі туралы

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі (ЮНЕСКО) және Париждегі басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты өкілдігінің ресми сайтына қош келдіңіз!

    Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ға 1992 жылғы мамырда мүше болды.

    Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі 1992 жылғы маусымда құрылды. 2001 жылғы қазаннан 2014 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңді қоспағанда, ол Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Елшілігінің бөлігі ретінде жұмыс істеді.

    2023 жылғы тамызда Тұрақты өкілдік тәуелсіз дипломатиялық миссия ретінде қайта құрылды. Сонымен бірге оның міндеттері штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан барлық үкіметаралық ұйымдармен, оның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен, Халықаралық көлік форумымен, Халықаралық энергетика агенттігімен, Халықаралық көрмелер бюросымен, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымымен және басқалармен өзара іс-қимыл мәселелерімен толықтырылды.

    Тұрақты өкілдіктің жұмысы Қазақстанның шет мемлекеттермен көпжақты форматта достық, болжамды және өзара тиімді қарым-қатынастарды қолдау жөніндегі сыртқы саяси стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге, мемлекетаралық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен кешенді өзара іс-қимылды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.