Түркістан облысының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Түркістан облысы-Қазақстан Республикасындағы облыс.

    Құрылған күні-1932 жылдың 10 наурызы. Әкімшілік орталығы-Түркістан қаласы.

    Түркістан облысы әкімінің аппараты облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін басқаруды және бақылауды, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жер телімін алу

    Жауап

    Жер телімін алуға өтініш беру Жер телімін алуға өтінішті сіз egov.kz порталына бере аласыз. 1 САТЫ Сізге төмендегілерді орындау қажет: белгіленген нысанда өтініш бересіз; өтінішке жер телімін орналастыру сызбасының электронды көшірмесін бекітесіз. 3 жұмыс күні ішінде сіз жер телімін таңдаудың ақырғы актісін келісімдеп, жер-кадастрлық жұмыстарының қызметтері үшін төлейсіз. Жер теліміне жер-кадастрлық жоспарын жасау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ бөлімінің есепшотына екінші деңгейлі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қолсых нысанда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ң төлемақы мөлшері мен күнін растайтын төлемақы құжаты (квитанциясы) берілетін кассаларында төлемақы төленеді. Өтініш берушімен келісілмеген таңдау актісінің қызмет мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Айтылған мерзім өткен соң «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ сізді алдын ала хабардар ете отырып, келісілмеген актті аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жоюына қайтарады. Қызметтерді көрсету мерзімі: 28 жұмыс күні. Қызметтерді көрсетудің аралық нәтижесі: келісімдеуші органдар мен ұйымдардың жер телімін таңдау актісін дайындау. 2 САТЫ Жер-кадастрлық жоспары мен жерді уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), ақылы (ақысыз) пайдалану шартын сала отырып, жер теліміне жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешімімен уақытша ақылы пайдалану (жалдау) құқығын рәсімдеу. Сіз электронды сұранысқа төмендегілерді бекітуіңіз керек: жер телімін таңдаудың соңғы келісілген актісі; жер-кадастрлық жұмысы қызметтері үшін төлемақы құжаты. «Жеке кабинетке» мәлімдеме алу кезінде сіз 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қоюыңыз керек. Өтініш берушінің қол қойған уақытша жер пайдалану шартының 7 күндей уақыт заңды күші болады. Сіздің уақытша жер пайдалану шартыңыз мемлекеттік тіркеуден өткен және одан кейін тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ң аудандық бөлімі арқылы Сізге берілуі тиіс. Заңды тұлғаның жеке куәлігі, мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші мен мемлекеттік корпорация жұмыскері «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Қызмет көрсету мерзімдері: 22 жұмыс күні. Толық емес құжаттар жиынтығын ұсыну кезінде өтінішті қараудан бас тарту – 2 жұмыс күні. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ақырғы нәтижесі: жер-кадастрлық жоспары мен жерді уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), ақылы (ақысыз) пайдалану шартын сала отырып, жер теліміне жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешім, немесе бас тартуы жөніндегі себепті жауап. тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ң аудандық бөлімі арқылы. 1 САТЫ Ол үшін сіздер төмендегілерді ұсынуларыңыз керек: белгіленген нысандағы өтініш; жер телімін орналастыру сызбасы; тұлғаны куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін). 3 жұмыс күні ішінде сіз жер телімін таңдаудың ақырғы актісін келісімдеп, жер-кадастрлық жұмыстарының қызметтері үшін төлеу керек. Жер теліміне жер-кадастрлық жоспарын жасау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ бөлімінің есепшотына екінші деңгейлі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қолсыз нысанда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ –ң төлемақы мөлшері мен күнін растайтын төлемақы құжаты (квитанциясы) берілетін кассаларында төлемақы төленеді. Өтініш берушімен келісілмеген таңдау актісінің қызмет мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Айтылған мерзім өткен соң «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ сізді алдын ала хабардар ете отырып, келісілмеген актті аудандық сәулет және қала құрылысы басқармасына жоюына қайтарады. Қызмет көрсету мерзімі: 28 жұмыс күні. Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: тиісті органдары мен ұйымдарының жағымды қорытындылары бар, жер телімін таңдау актісін дайындау. 2 САТЫ Жер-кадастрлық жоспары (1 қосымша) мен жерді уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), ақылы (ақысыз) пайдалану шартын сала отырып, жер теліміне жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешімімен уақытша ақылы пайдалану (жалдау) құқығын рәсімдеу. Сіз электронды сұранысқа төмендегілерді бекітуіңіз керек: жер телімін таңдаудың соңғы келісілген актісі; жер-кадастрлық жұмысы қызметтері үшін төлемақы құжаты. Жер теліміне жер-кадастрлық жоспарын жасау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ бөлімінің есепшотына екінші деңгейлі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қолсых нысанда немесе. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ң төлемақы мөлшері мен күнін растайтын төлемақы құжаты (квитанциясы) берілетін кассаларында төлемақы төленеді. Мәлімдеме алғаннан соң сіз 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қоюыңыз керек. Өтініш берушінің қол қойған уақытша жер пайдалану шартының 7 күндей уақыт заңды күші болады. Қызмет көрсету мерзімі: 22 жұмыс күні. Толық құжаттарды ұсынбаған жағдайда өтінішті қарастырудан бас тарту – 2 жұмыс күні. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ақырғы нәтижесі: жер-кадастрлық жоспары мен жерді уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), ақылы (ақысыз) пайдалану шартын сала отырып, жер теліміне жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешім, немесе бас тартуы жөніндегі себепті жауап. 2 Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу Egov.kz порталында (нотариуске бару кезінде): нотариустың ЭСҚ-мен куәландырылған өтініш беру; сауалға төмендегілерді қосу керек: жылжымайтын мүлік иесінің тұлғасын куәландыратын құжат; нотариуста куәландырылған, тіркеу объектілерін растайтын құқық белгілеуші құжаттар (нотариус электронды сұранысқа қосады). Қандай құжаттардың құқық белгілеуші құжаттарға жататынын мұнда біле аласыз; жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек немесе жеңілдіктердің жеке санатын растайтын және жинақтарды төлеуден босататын құжат (жеңілдіктер тұрып жатқан зейнеткерлерге және мемлекеттік тіркеу сәтінен кадрларды дайындаумен және оқытумен айналысатын кіші кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қолданылады). сауалға келісімге интернет желісінде қатысушылардың электронды мекен-жайларын көрсетіңіз (болған жағдайда). Ескерту: мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болатын, жеке тұлғаны куәландыратын, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі), Ұлы Отан соғысына қатысушы мен оларға теңестірілген тұлғалар туралы, Ұлты Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСРО-ң ордендерімен және медальдерімен марапатталған тұлғалар туралы, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде алты ай жұмыс істеп (қызмет етіп) Ұлты Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСРО-ң ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған тұлғалар туралы, мүгедектер туралы, сонымен қатар, бала күнінен мүгедек болғандардың біреуінің ата-анасы туралы, жетім балалар мен он сегіз жасқа толғанға дейін ата-ананың қамқорлығынан айырылған балалар туралы, оралмандар туралы мәліметтерді – Мемлекеттік корпорация қызметкері мен нотариус «электронды үкімет» шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесі бойынша тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алады. Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні ішінде. Жылдамдатылған тәртіппен – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-на өтініш келген сәттен бастап келесі күні. Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тіркеу немесе тіркеуді тоқтата тұру туралы мәлімдемені жіберу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша себепті жауап. тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ң аудандық бөлімі арқылы. Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек: белгіленген нысандағы жылжымайтын мүлік құқығын (мүлік ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; жеке тұлғаны куәландыратын құжат; жер телімінің сәйкестендіру құжаты. Қандай құжаттардың сәйкестендіру құжаттары болатынын мұнда біле аласыз; жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек немесе жеңілдіктердің жеке санатын растайтын және жинақтарды төлеуден босататын құжат (жеңілдіктер тұрып жатқан зейнеткерлерге және мемлекеттік тіркеу сәтінен үш жыл шамасында кадрларды дайындаумен және оқытумен айналысатын кіші кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қолданылады). Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні. Жылжымайтын мүлік құқығын жылдамдатылған тәртіппен мемлекеттік тіркеу кезінде – өтініш түскен сәттен келесі жұмыс күні. Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуді тоқтата тұруы туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша себепті жауап. Егер сіз заңды тұлға болсаңыз, сізге келесі құжаттарды ұсыну керек: белгіленген нысандағы жылжымайтын мүлік құқығын (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; тіркеу объектісі растаушы, құқық белгілеуші құжат. Жер теліміне құқықты (ауыртпалықты) тіркеу кезінде жер теліміне сәйкестендіруші құжат беріледі. Қандай құжаттардың құқық белгілеуші құжат болатындығын мұнда біле аласыз; жылжымайтын мүлік шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) қайтару жағдайында құқықтарды (талаптарды) қайтару туралы шарт ұсынылады (активтер мен міндеттемелерін бірмезгілде беру туралы шарт); жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек немесе жеңілдіктердің жеке санатын растайтын және жинақтарды төлеуден босататын құжат (жеңілдіктер тұрып жатқан зейнеткерлерге және мемлекеттік тіркеу сәтінен үш жыл шамасында кадрларды дайындаумен және оқытумен айналысатын кіші кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қолданылады); құрылтай құжаттары; құрылтайшылардың (қатысушылардың, директорлар кеңесінің, акционерлер кеңесінің) жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу немесе меншіктен шығару жиналыстарының хаттамалары (олардың жазбалары); шет елдік заңды тұлғалар сауда реестрінің ресмилендірілген немесе шет елдік заңды тұлғаның шет елдік мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармаларымен нотариалды куәландырылған басқа ресмилендірілген құжатын ұсынады. Маңызды! Тіркеу өтінішінде салып алынатын немесе сатылатын активтердің жалпы теңгерімдік құны Қазақстан Республикасының антимонополиялық заңнамасымен белгіленген мөлшерінен асқан жағдайда, антимонополиялық органның бастапқы жазбаша келісімін ұсыну қажет. Жылжымайтын мүлік мен басқа да мемлекеттік тіркеу объектілері құқығының пайда болуын, туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын растайтын құжаттар екі көшірмеде ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі болады. Құқық белгілеуші құжат сот актісі болатын жағдайларда және құқық иеленушіге құжаттың түпнұсқасы берілмеген жағдайда, тіркеуге мұндай құжаттың екі куәландырылған көшірмелері ұсынылады. Неке шарты болған жағдайда, бұл шарт екі данада ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болады. Құқық белгілеші құжатта мәліметтері жоқ басқа ерлі-зайыптының біреуінің құқығын тіркеу үшін, неке қию жасына (18 жас) жеткен өтініш беруші тіркеу өтінішінде неке қатынастарында тұру деректігінің жоқтығы туралы мәліметтерді немесе неке қатынастарының болуын растайтын құжаттың көшірмесін сала отырып, өзінің жұбайы (жолдасы) туралы мәліметтерді көрсетуі тиіс. Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні. Жылжымайтын мүлік құқығын жылдамдатылған тәртіппен мемлекеттік тіркеу кезінде – өтініш түскен сәттен келесі жұмыс күні. Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуді тоқтата тұруы туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша себепті жауап. 3 Тұрғын үйді пайдалануға беріп жер телімін жеке меншікке алу Алты айдан соң жерді пайдалану актісін берген сәттен тұрғын үйді тапсыру керек, яғни, жеке тұрғын үйді пайдалануға беру туралы актке қол қою керек. Осы бөлімді сақтаған жағдайда ғана, жер телімін жеке меншікке беруге болады. Егер жарты жыл уақыттың ішінде үй салынбаса, жер телімінің орналасқан орны бойынша әкімдікке жолығып, уақытша жалдау мерзімін жарты жылға созу керек. Екі жыл шамасында үйді салып, пайдаланбаған жағдайда, мемлекет ҚР Жер кодексінің 93 бабы бойынша келтірілген зардапты өтеу талабымен жер телімін қайтарып алуға құқылы болады.

    Сұрақ

    Емханаға қалай есепке тұруға болады (емханаға тіркелу)

    Жауап

    Алғашқы медициналық-санитариялық жәрдем – қолжетімді медициналық қызметтер кешенін қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауды қамтымайтын дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық жәрдем: аса кеңінен тараған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да шұғыл жағдайларда диагностика және емдеу; жұқпалы аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар; халықты гигиеналық оқыту, сондай-ақ отбасын, ана болуды, әке болуды және балалық шақты қорғау; қауіпсіз сумен жабдықтау және халықты тиімді тамақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары. Азаматтарға бастапқы медициналық-санитарлық жәрдем – медициналық ұйымды таңдау мүмкіндігімен тіркелген жері бойынша және (немесе) тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі. 1 Egov.kz порталында қызметті қалай алуға болады? Ол үшін келесілерді жасау қажет: ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу; авторландырылу және сұрау салу. Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні. Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қағаз түрінде (еркін нысанда) тіркелу туралы хабарлама (талон) немесе қызмет көрсетушімен ЭЦҚ қойылған электрондық түрдегі құжат, не болмаса дәлелді негізде тіркеуден бас тарту. 2 Емханада тұрғылықты жері бойынша немесе таңдау бойынша қызметті қалай алуға болады? Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: еркін нысандағы өтініш; жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) немесе туу туралы куәлік. Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні. Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тіркеу. 3 Басқа емханаға қалай тіркелуге болады? Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: еркін нысанда өтініш жазу; жеке куәлігін (16 жасқа дейінгі балалар үшін туу туралы куәлік) ұсыну; ата-анасының біреуінің немесе заңды қамқоршысының жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған тұлғалар үшін). Ескерту: сіз басқа емханаға келесі тәртіппен тіркеле аласыз: азаматтың жылына бір реттен жиі емес медициналық ұйымдарды еркін таңдауымен; тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс немесе оқу орны өзгерген кезде; емхана қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда; емханаларға тұрғындарды тіркеу бойынша жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өткізілетін науқан кезінде.

    Сұрақ

    Құрылыс нысандарын салу үшін қандай құжаттарды рәсімдеу керек

    Жауап

    Құрылыс нысандарын салу үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының (Бұдан әрі – Заң) талаптары сақталу қажет. Заңның 12-бабына сәйкес меншiк иелерi не жер пайдаланушылар жер учаскелерiн құрылыс салу үшiн (коммуникацияларды жүргiзу, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалануды тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлудi, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және оны пайдалану қағидаларын сақтай отырып жүзеге асыра алады. Заңының 68-бабына сәйкес құрылыс процесiнiң тиiстi кезеңдерiнде келесі рәсiмдер орындалуға және талаптар сақталуға тиiс: - Объект құрылысын жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алуға міндетті. Тапсырыс берушінің жерге тиісті құқығы және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес функционалдық аймағы болған жағдайда, объект құрылысы үшін аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан қосымша шешім алу талап етілмейді. Объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілген жерде ғана жол беріледі; - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары жерге тиiстi құқық беру туралы шешiм, инженерлiк қамтамасыз ету және коммуналдық қызмет көрсету көздерiне қосу үшін техникалық шарттарды жобалаудың бекiтiлген тапсырмасы және басқа да бастапқы материалдар (деректер) негiзiнде тапсырыс берушіге сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруі тиіс; - жобалауға арналған тапсырмаға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына және өзге де бастапқы материалдарға сәйкес әзiрленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мемлекеттiк нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келiсуден, ведомстводан тыс кешендi сараптамадан және бекiтуден өтуі тиіс; - құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге мiндеттi.

    Сұрақ

    Суық су құбырларының жарылу жағдайында кімге жүгінеміз?

    Жауап

    Егер сіз авариялық жағдайдың–суық су немесе қоғамдық аумақтарда кәріз құбырлары жарылуына (көп пәтерлі үйлердің аула аумағы, жолдар және т.б.) куә болып жатсаныз, сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік 109 қызметіне қоңырау шала аласыз. Суық сунемесе кәріз жүйелері құбырлары пәтер немесе үй-жайішінде, сондай-ақ, кіре берісте жарылған жағдайда, сіз сіздің ПИК немесе басқарушы компанияның апаттық қызметіне жүгіне аласыз. 2 Авариялық жағдайды жою 109 жедел қызметіне түскен өтінім қызмет көрсететін кәсіпорынның диспетчерлік қызметіне жедел бағытталады. Диспетчерлік қызмет өтінімді қабылдағаннан кейін 15 минут ішінде авариялық жағдайды күндізгі уақытта жою үшін ақпаратты РЭУ (Аудандық пайдалану учаскелеріне) жолдайды. Түнгі уақытта кезекші бригада ҚҚТ (Орталық диспетчерлік қызметі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығындағы «Түркістан су»), авариялық жағдайды жою бойынша шараларды кезекші бригадаға жөнелтеді. Ағып жатқан су жол жабынын бұзып, көлік қозғалысын тоқтатып, көшені, коллектор, ғимараттардың жертөлелері және т.б. субасу секілді шұғыл жағдайлардан бөлек, абоненттер құбырлардын ажыратылғаны туралы алдын ала ескертілуі тиіс, Жөндеу бригадасы қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында зақымданған жерді түгендемелік қалқандармен уақытша қоршайды. Апаттын алдын алғаннан кейін 10 минут ішінде кәсіпорынның жедел қызметкерлері аварияны оқшаулау/жою туралы қажетті қосымша ақпаратты барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, қала ұйымдары мен қызметтеріне одан әрі тарату үшін 109 қізметіне жібереді. 3 Авариялық жағдайды жою мерзімдері Авариялық жағдайларды жою мерзіміне тиіс құбырлардың диаметріне және жұмыс жасау жағдайына байланысты 8-ден 24 сағатқа дейін асырылуы керек. Аталған уақыт бұзылудың күрделігіне және ажырату учаскесі нүктесінен істен қашық болғанына байланысты ұзара береді. Сондай-ақ, зақымды жойғаннан кейін құбырды дезинфекциялауға 4-тен 54 сағатқа дейін кетеді. Су 24 сағат болмаған жағдайда уақытша сумен жабдықтау ұйымдастырылады – суды су тасығыш мәшинелерімен тасиды. Көрсетілген мерзімдер өрескел бұзғылған жағдайда, сіз жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылдауына Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына (жетекшілік ететін орган «Түркістан су» МКК) жүгіне аласыз.

    Сұрақ

    Кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үйді қалай алуға болады

    Жауап

    Пәтерді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да алу Пәтерді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ғы жалдау арқылы Бағдарламалар желісі бойынша осы банкте жинақтау депозиттері бар жас отбасылары меншігіне ала алады. Тұрғын үйді алуға керекті талаптар Егер сіз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да үйді алуға үміткер жас отбасы болсаңыз, сізге келесі талаптарға сәйкес болуыңыз керек: депозиттегі жинақтардың болуы, ал сіздің отбасыға есептегендегі таза табысыңыз ең төменгі күнкөріс деңгейінің 12-реттік мөлшерінен аспауы тиіс (2016 ж. есептегенде 22 859 тг.); сіздер бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде 29 жасқа толмаған ерлі-зайыпты болуларыңыз керек немесе некеде екі жылдан астам уақыт тұруларыңыз керек (немесе бұл бір ата-ана, оның ішінде, 29 жасқа толмаған, бала тәрбиелеуші, айырылысқан, жесір болуы мүмкін); тұрғылықты жерде соңғы екі жыл шамасында тіркеуіңіз болу тиіс; меншік құқығында тұрғын үй жылжымайтын мүлігінің немесе елдің аумағында одан кейінгі сатып алынатын жалдамалы жылжымайтын мүлігінің болмауы; Қазақстан аймағында соңғы 5 (бес) жылдың ішінде тұрғын бөлмелерін ауыстыру немесе сізді меншік құқығымен тиесілі тұратын орныңыздан айыру жолымен тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлату деректерінің болмауы. Тұрғын үй алуға кезекке тұру Бағдарламаға қатысуға құжаттарды қабылдау орны мен мерзімі туралы ақпарат БАҚ-да, интернет ресурсында жарияланады. Бағдарламаның бағытын, азаматтардың санаттарын, тұрғын үйдің сипаттамаларын, құжаттарды қабылдау орындарын, құжаттарды қабылдау күнінің басы мен соңын көрсете отырып, тұрғын үйді іске асыру шарттары туралы хабарламаларды шығарғаннан кейін сіз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қаражаттары жүйесіне қатысушы ретінде тұрғын үй алуға egov.kz . электронды үкімет порталына кезекке тұру үшін өтінішті рәсімдеу керек. 2 "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да өтінішті қалай рәсімдеу керек (нұсқасы) ЭЦҚ (электронды цифрлік қолтаңба) алыңыз; тіркеліп, бағдарламада қатысуға өтініш тапсырыңыз; өтінішке құжаттардың сканерленген көшірмелерін, ал олар болмаған жағдайда ақпараттық жүйеге төмендегі құжаттарды салыңыз: сіздің жеке тұлғаңыз бен отбасыңыздың мүшелерін куәландыратын құжат (жолдасының (жұбайының) жеке куәлігі сіздің отбасыңыз толық болғанда тапсырылады); сіздің және сіздің отбасыңыздың мүшелерінің (жолдас (жұбайы), балалары) тіркелуі туралы мекен-жай анықтамасы, мекен-жай анықтамасын қалай алу керектігін толығырақ мұнда біле аласыз; неке қию туралы куәлік (айырылысқан жағдайда - айырылысу куәлігі), жолдасының (жұбайының) қайтыс болғаны туралы куәлік, өтініш берушінің некеде тұрмайтыны туралы куәлік (егер отбасы толық емес болса); сіздің және сіздің отбасыңыздың ҚР аумағында меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің немесе кейін сатып алынатын жалдамалы пәтерінің жоқтығы/болуы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің жоқтығы/болуы туралы ақпаратты мұнда алуға болады; жылжымайтын мүліктің тіркелген құқықтары мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (үлесі, саман немесе қаңқа-қамысты типті үйлер, жатақханалардағы бөлмелері болған жағдайда), сонымен қатар, осы жағдайлардағы меншік құқығының пайда болуын растаушы құжаттар; соттың басқа тұлғаларды отбасы мүшелері деп мойындау туралы шешімі; сіздің өтініш беруші ретіндегі еңбекақыңыз туралы анықтама; сіздің және/немесе сіздің жолдасыңыздың (жұбайыңыздың) мемлекеттік мекемелерде, бюджеттік ұйымдарда немесе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істеу жағдайында жұмыс орнынан анықтама; отбасы мүшесінің мүгедек болуын немесе созылмалы аурумен ауыруын растайтын анықтама (мүгедек отбасы мүшесі болған жағдайда); өтініш беру сәтінде Тұркістан қалаласында кемінде екі және одан да көп жыл тұратындығын растаушы құжат; өтініш берушінің немесе оның жолдасының (жұбайының) «жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелеттікке дейін ата-анасынан айырылған балалар» дәрежесін растайтын құжаттары; тұрғын үйді қажет ететіндерді Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтіндегі кезегінің нөмірі көрсетілген есепке тұру туралы мәлімет (егер сіз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде халықтың әлеуметтік әлсіз санатына арналған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қажет етуші ретінде кезекте тұрсаңыз); тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінмен берілген тұрғын үйдің техникалық күйі туралы тұжырымдама. Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттар тұрғын үйді қолдануға тапсыруға дейін жарты жыл бұрын қабылданады. ресми интернет ресурсында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да төлемақы төлеу қабілетін бағалауға бағыттама алушы үміткерлердің бастапқы тізіміне қосылған өтініш берушілердің тізімі жарияланады. Төлемақы төлеу қабілетін растауға бағыттама алу үшін сіз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен келуіңіз керек. 7 жұмыс күнінің ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сіздің ұсынған бағыттамаңызды қарастырып, сізге төлемақы төлеу қабілетіңіз туралы мәлімдеме береді. Бұл мәлімдемені сіз бағыттманы алған сәттен бастап 20 күннің ішінде төлемақы төлеу қабілетін растау үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсыруыңыз қажет. Төлемақы төлеу қабілеті расталғаннан кейін сіз банкпен қосымша келісім жасап, оны да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырасыз. Одан кейін сіз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ң депозитіне кепілдеме жарнаңызды саласыз. Сіздің жинаған қаражаттарыңыздың соммасы кепілдеме жарнасының мөлшеріне тең немесе одан артық болса, кепілдеме жарнасын төлеудің қажеті жоқ. Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: банкпен қосымша келісім жасасу. 3 Өтініш берушілер қалай таңдалады Жалдамалы тұрғын үйлерді бөлу үшін төлемақы төлеу қабілетін растаған өтініш берушілерді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміні балдық жүйе бойынша таңдайды (ең көп балл саны бойынша). Кейін сатып алынатын жалдамалы пәтерді алушы үміткерлердің тізімі сайтта көрсетіледі. Пулдарды жасау, тұрғын үйді бөлу және сатып алу тәртібі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ң ішкі құжаттарымен анықталады. Тұрғын үйді бөлу бойынша конкурстың барлық сатыларынан өткен жағдайда сіз жалдау шартын жасау үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне барасыз. Сізге Аймақтардың даму бағдарламасы шеңберінде жалдауға пәтен берілген жағдайда бастапқы жарнасын төлеудің қажеті жоқ. Тұрғын үй 8 жыл мерзімге жалдауға беріледі, сол уақыт ішінде сіз пәтер бағасының 50%-н жинап алуыңыз керек. Сіздің ай сайынғы төлейтін жалдау соммасы осында жиналады. Уақыты өткеннен кейін, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сізге несиені мерзіміне дейін жабу мүмкіндігімен қарызға 15 жылға дейінгі мерзімге пәтер бағасының қалған жарты соммасын береді. 5 Қатысушыларға қандай талаптар қойылады? Қатысушыларға келесідей талаптар қойлады: Қазақстан азаматтығы немесе оралман дәрежесі; Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жылдың ішіндегі тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлатпауы (өз тұрғын үйін сату); соңғы 5 жыл ішінде ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің (кәмелетке толмаған балаларының) атында жылжымайтын мүлік, кейін сатып алынатын жалдамалы пәтер немесе меншік құқығындағы тұрғын үй, жалпы бірлескен меншігі, төмендегі жазылғандарды қоспағандағы отбасының басқа мүшелерінің жалпы бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлестері болмауы керек: жатақханаларда отбасының әр мүшесіне есептегенде ауданы кемінде 15 шаршы метр болатын бөлмелердің болуы; апаттық күйі, құлау (бұзылу) қаупі тиісті анықтамамен расталатын саман және қаңқа-қаысты тұрғын үйлерінің болуы. қатысушылардың тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлту деректерінің болмауы; тіркелген неке мерзімі – кемінде 3 жыл; тұрақты тіркелу мерзімі екі жылдан кем емес. Бағдарламаға қатысу кезінде сіз келесідей жағдайларда үстем боласыз: бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде егер сіз 4 және одан да көп бала тәрбиеленетін, ерлі-зайыптылардың бірі 35 жасқа толмаған болса көп балалы отбасылар санатына жатсаңыз; егер сіз бала тәрбиелеп отырған толық емес отбасы санатына жатсаңыз (соның ішінде, айырылысқан, жесір болсаңыз), шарт бойынша – сіздің жасыңыз бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде 35 жастан аспауы тиіс; егер сіз мүгедек баланы тәрбиелеп отырған 35 жасқа дейінгі жас немесе толық емес отбасы санатына жатсаңыз. 6 «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ-нан жалдамалы тұрғын үй алу «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ операторы арқылы іске асырылатын пәтерлер бірінші кезекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тұрғын үйді алуға кезекте тұрған халықтың әлеуметтік әлсіз тобына есептелген. Атап айтсақ: көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалар тәрбиеленетін отбасылар; жетімдер мен ата-ананың қамқорынан айырылған балалар; мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала жұмыскерлері; әскери қызметкерлер мен арнайы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері; оралмандар. Тұрғын үй алуға кезекке тұру Жалдамалы тұрғын үй алу үшін сізге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне бару керек. Ол үшін сізге келесі құжаттарды ұсыну керек: белгілі пәтер типіне өтініш; өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың және балалардың арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейді); некеге тұру (некені бұзу) туралы, жолдасының/жұбайының қайтыс болуы туралы, балалардың туу туралы куәлік, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы мәлімдеме; сіздің және сіздің отбасыңыздың ҚР аумағында меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің немесе кейін сатып алынатын жалдамалы пәтерінің жоқтығы/болуы туралы анықтама. Жылжымайтын мүліктің жоқтығы/ болуы туралы ақпаратты мұнда алуға болады; мекен-жай анықтамасы. Мекен-жай анықтамасын қалай алатынын мұнда білуге болады; өтініш берушінің жұмыс орнынан алынған анықтама; отбасы мүшесінің мүгедек болуын немесе созылмалы аурумен ауыруын растайтын анықтама. Анықтаманы қалай алатынын мұнда білуге болады; Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде кезек нөмірін көрсете отырып, тұрғын үйді қажет етуші ретінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне есепке тұру туралы мәлімет; табыс туралы анықтама (жұмыс орнынан еңбекақы туралы анықтама); сіздің санатқа қатынасыңызды растаушы құжат: Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар; жас бойынша зейнеткерлер; оралмандар, толық емес отбасылар. Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жалдамалы тұрғын үйлерді алуға үміткерлерінен құжат алғаннан кейін үстемдігі мен кезектілігін ескере отырып, әлеуетті жалдаушылардың тізімі жасалады. Төлемақы төлеу қабілетін растаған өтініш берушілерді таңдау Таңдаудан өткен үміткерлер төлемақы төлеу қабілетін растау үшін «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ-на жіберіледі және жағымды тұжырым жасалған жағдайда - «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ-мен жалдау шартын жасау керек. Тұрғын үй онда 5 жыл тұрғаннан кейін сатып алу құқығымен 20 жыл уақытқа жалға беріледі. 7 «Самұрық-қазына» Жылжымайтын мүлк қоры» АҚ-нан жалдамалы тұрғын үй алу «Самұрық–Казына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі оны сатып алу жоспарланатын жерден меншігінде тұрғын үйі жоқ төлемақы төлеуге қабілетті халықтың арасында сатылады. Тұрғын үй бағасы тенгемен алынған және ауытқымайды. ЭЦҚ (электрондық цифрлік қолтаңба) алу ; Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: сайтта жазылған өтініштерді қабылдау мерзімінің аяқталуына қарай жалдамалы пәтер алуға кезекте тұрғандардың тізімі жасалады. Тұрғын үй алуға кезекке тұру Қажетті құжаттарының тізімі бар үміткерлер Жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясына тікелей барады. Жалдамалы пәтер алуға өтініш беруге қажетті құжаттар: өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктері - түпнұсқалары мен көшірмелері (Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың және балалардың арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейді); өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің соңы үш жылдың ішінде тұрғын үйлерінің болмағанын растаушы анықтама. Жылжымайтын мүліктің жоқтығы/болуы туралы анықтаманы қалай алу керектігін мұнда біле аласыз; некеге тұру туралы, некені бұзу туралы куәлік (түпнұсқалары мен көшірмелері), жолдасының/жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік (болған жағдайда), балалар болса оларды туу туралы куәлігі (түпнұсқалары мен көшірмелері); ЖТМС (жалдау төлемақысының максималды соммасын) есептегендегі банктің ресми бланкінің түпнұсқасы; бар тұрғын үйдің құқығын белгілеу құжаттарының, тұрғын үйдің техникалық төлқұжаттарының, мекен-жай анықтамасының (нотариалдық куәландырылған) көшірмелері. Құқығын белгілеуші құжаттарға не жататынын мұнда біле аласыз. Осы құжаттардың түпнұсқалары банкте кепілде болған жағдайда, олардың банкпен куәландырылған көшірмелерін, сонымен қатар, құжаттардың кепілде екендігі туралы хатын ұсыну керек; өтініш берушінің, қосалқы қарыз алушының (сіздің табыстарыңыз жалдамалы тұрғын үйді алуға жеткіліксіз болса) некеде тұрмайтындығының (егер өтініш беру сәтінде өтініш беруші немесе қосалқы қарыз алушы некеде тұрмаса) нотариалды куәландырылған мәлімдемесі; өтініш берушінің отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің туу туралы куәліктері (түпнұсқалары мен көшірмелері); алғашқы жарнаны енгізу мүмкіндігін растау үшін банктен алынған ақшалай қаражаттардың болуы туралы анықтамасының түпнұсқасы; өтініш берушінің құжаттарды ұсынуға сенімхатының түпнұсқасы (қажет болса). Төлемақы төлеу қабілетін растаған өтініш берушілерді таңдау. Егер сіздің жалпы отбасылық табысыңыз аз болса, барлық несие карталарын, онымен қоса, өзіңіздің пайдаланбаған карталарыңызды да жабу керек. Сізде мерзімі жарты жыл және одан да көп болатын ресми зейнетақы аударымдары болуы қажет. Бұл сіздің қосарлы қарыз алушыңызға да қатысты болады.

    Решение

    Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ №31

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы Нысан Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ №31 Түркістан қаласы 11.06.2026 жыл № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Шешім (жіберілді / жіберілген жоқ) Жіберілмеу себебі 1. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіп кешен субьектілерін несиелендіруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне, 11.01.2029 жылға дейін), D-О-3 санаты - - - 2. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты Кадирбек Ерсултан Есенгельдыұлы жіберілді - Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы Ералиев Бакыт Жолдасбекович Комиссия хатшысы Бейсенбаев Жангали Нурасилович «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы Нысан Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты Эссе өтетін орны, күні және уақыты 1. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты Кадирбек Ерсултан Есенгельдыұлы Түркістан облысы әкімінің аппараты, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат. 15.06.2026 жыл, сағат 17:00 - Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы Ералиев Бакыт Жолдасбекович Комиссия хатшысы Бейсенбаев Жангали Нурасилович

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.