«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ
Құрметтi «Жамбыл ауданы әкімдігінің iшкi саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiннiң сайтына кiрушiлер!
Бiздiң сайтымызға қош келдiңiздер!
Бiз сiздердi Жамбыл ауданы әкімдігінің iшкi саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмiнiң сайтында көруге қуаныштымыз!
Бөлімге мемлекеттік басқару органдарының үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен және этномәдени орталықтармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша үйлестіруші функциялар жүктелген.
Бөлім аудан аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды, аудандағы діни ахуалға тұрақты мониторингті жүзеге асырады, бұл діни экстремизм көріністерінің алдын алуға ықпал етеді.
Бөлімнің басым бағыттарының бірі аудандық ақпараттық-насихаттау топтары арқылы ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары және халықтың нысаналы топтары арасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
Ауданның бұқаралық ақпараттық құралдарымен тығыз байланыс орнатылған, ол мемлекеттiк билiк органдарының қызметi туралы халықты жедел, ақпараттандыруға мүмкiндiк бередi.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк жастар саясаты жүзеге асырылады.
Бөлім қызметінің басты міндеті аудан аумағында ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдау және одан әрі нығайту болып табылады.
Мәдениет, тарихи - мәдени мұра, тіл саясаты салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру.
Мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру, сондай – ақ мәдениет, тарихи-мәдени мұра, аудан аумағында тіл саясаты саласында іс-шаралар кешенін өткізуді ұйымдастыру.
Бiздiң сайтта өзiңiзге қажеттi ақпаратты алуға, өз пiкiрiңiздi бiлдiруге, маңызды сұрақтарды қоюға мүмкiндiгiңiз бар.
Бөлiм басшысы
