Павлодар облысы Ақсу қаласы М.Омарова атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты
Әкімдік туралы
«Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» (бұдан әрі - әкім аппараты) Мәмәйіт Омарова атындағы ауылдық округінің әкімі (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.