Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Томарлы ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Томарлы ауылдық округі әкімінің аппараты Томарлы ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіментінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Баланы тұрғылықты жері бойынша қалай тіркеуге болады?

    Жауап

    2020 жылдың ақпанында Ішкі мигранттарды тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізілді (ҚР Үкіметінің 2011.12.01 № 1427 қаулысымен бекітілген), оған сәйкес тұрғылықты жері бойынша 14 жасқа дейінгі балалар үшін тіркеу күші жойылды. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес он төрт жасқа толмаған адамдардың (кәмелетке толмағандар) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жері деп танылады. Тиісінше, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде баланың тұрғылықты жері туралы ақпаратты ақпараттық жүйелерден («Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде) орналасқан жері бойынша тіркеу туралы ақпарат ата-анасының біреуінің (заңды өкілінің) тұрғылықты жері негізінде алынады. Бұл ретте, қолдарында электронды тасымалдағышпен- чиппен жаңа үлгідегі жеке куәліктері бар азаматтар басымдыққа ие болады, өйткені, азамат тұрғылықты жерін өзгерткен кезде жеке куәліктің өзін өзгертусіз, оның жеке куәлігінің микросхемасында қорғалған түрде сақталатын заңды мекенжайды қайта жазу ғана жүргізіледі. 14 пен 16 жас аралығындағы балаларды тіркеуге құжаттарды олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері береді. 14 жасқа толған балаларды Сіз туу туралы куәлікті немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (болған жағдайда) ұсынып, тұрғылықты жері бойынша жалпы негізде тіркей аласыз.

    Сұрақ

    Менің мүгедектігім бар. Курортық емдеуді калай алуға болды?

    Жауап

    Санаторий-курорттық емдеуді ұсыну мүгедектігі бар адамдарды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, іс-шараны іске асыру мерзіміне абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Санаторий-курорттық ем алу үшін Сізге не сіздің заңды өкіліңізге санаторий-курорттық ем ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу құқығына сенімхат негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) немесе тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе «egov.kz» веб-порталға жүгіну қажет. Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушіні таңдауды сіз өтініш беруші ретінде екі ай ішінде жүзеге асырасыз. Жеткізушіні таңдау үшін Сізге электрондық цифрлық қолтаңба арқылы http://aleumet.egov.kz порталына кіру және санаторийді өзіңізге таңдау қажет. Интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгіну қажет.

    Сұрақ

    Қатты отынға біржолғы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Қатты отынға бір реттік әлеуметтік көмек алу үшін сіз келесі санаттардың біріне жатуыңыз керек: 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көп балалы отбасыларға-табысына қарамастан; жүгіну сәтінде белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларға. Сондай-ақ, сіз тіркеліп, жеке секторда тұруыңыз керек. Жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес болған жағдайда Сізге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жазбаша өтінішпен мынадай құжаттарды қоса бере отырып жүгіну қажет: өтініш берушінің санатын растайтын анықтама; тұрғын үйге меншік (пайдалану) құқығын растайтын құжат немесе жалдау шартының немесе тексеру актісінің негізінде. пешпен жылытуды растайтын құжат (коммуналдық қызметтер үшін түбіртектер) банкте шоттың болуы туралы хабарлама; отбасының табысы туралы мәліметтер.

    Сұрақ

    Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз тұлға ретінде тіркелуге өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Бірақ жұмыссыз мәртебесін алу үшін бірінші қадамда сипатталғандай жұмыс іздеуші ретінде қайта тіркелуіңіз керек. Содан кейін, Халықты жұмыспен қамту орталығы тіркелген күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдай отырып жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді. Егер жұмыспен қамту орталығы осы кезең аяқталғаннан кейін сіз үшін лайықты жұмыс таппаса немесе сіз ұсынылған жұмыстан бас тартсаңыз, онда жұмыспен қамту орталығының маманы бір жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға Сізді жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешімнің жобасын электрондық түрде «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы жібереді. Осыдан кейін, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның бірінші басшысы бір жұмыс күні ішінде «Еңбек нарығы» ААЖ-да жұмыссызды тіркеу туралы шешімге электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды. Жұмыспен қамту орталығының маманы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама не бас тарту туралы хабарлама береді. Осы процедуралардан кейін, сол жерде Жұмыспен қамту орталығында жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алуға өтініш беруге болады.

    Сұрақ

    Қалай жұмысқа орналасуға болады?

    Жауап

    Ж ұмыс іздеуші ретінде адам ретінде Жұмыспен қамту орталығына тіркелу қажет. Мұны онлайн көрсетілетін қызмет арқылы жасауға болады - Жұмыс іздеушілерді тіркеу. Жұмыспен қамту орталығына қажетті құжаттар: - Өтініш. - Жеке куәлік. - Еңбек кітапшасы (бар болса). - Білімі туралы диплом (бар болса). Сізді жұмыс іздеуші ретінде тіркелгеннен кейін Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері түйіндемеңізді Мемлекеттік еңбек биржасының enbek.kz веб-сайтына орналастырады да, ал лайықты бос жұмыс орындары шыққан кезе, сізді сонда жібереді. Егер сізді жұмысқа қабылдаудан бас тартса немесе ол жұмыс сізге объективті себептермен сәйкес келмесе, Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері басқа нұсқаларды іздеуді жалғастырады.

    Сұрақ

    «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдаудың қандай шаралары көзделген?

    Жауап

    Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне келесі әлеуметтік қолдау шаралары көзделген: 1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада; 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит: - ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада; - ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көзделген. Кредитті беру мерзімі жылдық 0,01 % мөлшерде сыйақы мөлшерлемесі бойынша он бес жылға дейін.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.