"Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты" КММ

    Әкімдік туралы

    "Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты" КММ мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын және орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    "Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты" КММ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    1. 18 жасқа 2024 жылы толатын кәмелетке толмағандар "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына қатыса ма және олар қанша сома алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелетін барлық балалар бағдарламаға енгізілген (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) және оның қатысушылары болып есептеледі. 18 жасқа 2024 жылы толатын балалар өздерінің 2023 жылға (бала әлі 18 жасқа толмаған жылы) есептелген нысаналы талаптарын өздерінің БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтар түрінде алады. 2023 жылға арналған бір балаға арналған нысаналы талаптардың сомасы Қазақстан азаматтары болып есептелетін балалардың саны бойынша деректерге (2023 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) және Ұлттық қордан есептелген балаларға арналған нысаналы талаптардың жалпы сомасы бойынша Ұлттық Банктен алынған ақпаратқа негізделе отырып, есептелетін болады.

    Сұрақ

    Әлеуметтік желілерде iKomek бірыңғай байланыс орталығын қалай табуға болады?

    Жауап

    Бізді әлеуметтік желілерден осы сілтемелер арқылы табасыз : - Facebook https://www.facebook.com/pages/category/Local-Service/IKomek-109-Shymkent-111153210730008/www.facebook.com/astana109/ - Instagram https://www.instagram.com/ikomek109.shymkent/ - Telegram арнасы https://t.me/astana109112https://t.me/astana109112

    Сұрақ

    Сауда жасау үшін дүңгіршек қоюға бола ма?Қаратау ауданы аумағынан дүңгіршек қою рұқсат бересіздер ма ?

    Жауап

    « СПК Shymkent» мекемесіне дүңгіршек қою бойынша өтініш білдіруіңіз қажет. « СПК Shymkent» Ерімбетов көшесі №103Г орналасқан.

    Сұрақ

    Үлкен көшелердің бойында өзіміздің өнімдермен сауда жасауға бола ма?

    Жауап

    Үлкен көшелердің бойында, адамдар көп шоғырланатын орындарда сауда жасау, ретсіз сауда болып табылады. Белгіленбеген орында сауда жасаушы тұлғаларға ҚР ӘҚБК-нің 204-бабына сәйкес, 5 МРП көлемінде айыппұл қаралған.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.