Рухани тамырдан – креативті келешекке: Түркістан мен Шымкенттегі жұмыс сапары
Түркістан мен Шымкент – қазақ руханиятының қос діңгегі, тарих пен тағдырдың талай ізін кеудесіне қаттаған қасиетті мекендер. Креативті индустрияларды дамыту қорының Өңірлік даму жөніндегі Басқарушы директоры Азамат Жағыпарұлымен бірге Түркістан өңірінің мәдени-туристік әлеуетімен танысып, ұлттық қолөнерді кәсіпке, ал кәсіпті елдік құндылыққа айналдырып отырған жергілікті шеберлермен кездесуде креативті индустрияларды жүйелі қолдау, өңірлік брендтерді ілгерілету және мәдени мұраны заманауи экономиканың маңызды бөлігіне айналдыру мәселелері кеңінен талқыладық. Жұмыс сапары Шымкент қаласындағы «Shymkent Creative Hub» алаңында жалғасты. Еркін ой мен шығармашылық бастамалар тоғысқан кездесуде жергілікті креаторлар маркетингтік ілгерілету, инклюзивті шығармашылық орта қалыптастыру, қолөнер индустриясын дамыту және жас таланттарды қолдау бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры құрылды. Қараша айынан бері Өңірлік даму бағыты бойынша қызмет атқарып келемін. Бүгінде креативті экономика – өңір дамуы мен ұлттық болмысты жаңа мазмұнмен ұштастыратын маңызды күш. Сондықтан жергілікті бастамаларды қолдап, креаторлармен етене жұмыс істеу – біздің басты бағытымыз.