Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

    Басқарма туралы

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ миссиясы: Агроөнеркәсiптiк кешен салаларының экономикалық өсуiне және бәсекеге қабiлеттiлiктiң сапалы жаңа деңгейiне жетуiне жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсiптiк кешендi, аграрлық ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттiң аграрлық саясатын iске асыру.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Шартты жер үлесіне құқықты қалай қалпына келтіруге болады?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 170-бабының 4-тармағына сәйкес 2003 жылғы 20 маусымдағы редакцияда өздеріне тиесілі құқықты бұрын жалға берген шартты жер үлесіне құқық иелері 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда төмендегі әрекеттердің бірін жасау арқылы осы құқықты іске асыруға міндетті: 1) жер учаскесін жеке меншікке сатып алуға; 2) шаруа (фермер) қожалығын немесе тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін дербес жүргізу үшін жер учаскесін уақытша ортақ немесе бөлек пайдалануға алуға; 3) шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беруге құқылы. Бұл ретте шартты жер үлестерінің есебіне жер учаскесін бөлу (қалыптастыру) жерге орналастыру тәртібімен жүзеге асырылады. Жер учаскесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы пайда болған сәттен бастап бұрынғы шарттар (шартты жер үлесіне құқықты жалдау шарты және жалға алынған үлестер есебінен жер учаскесін жалдау (өтеусіз жер пайдалану) шарты) күшін жоғалтады. ҚР Жер кодексінің 170-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес 2003 жылғы 20 маусымдағы редакцияда егер өзіне тиесілі құқықты жалға берген шартты жер үлесіне құқық иесі Осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім ішінде жер учаскесін алу құқығын іске асырмаса, оның шартты жер үлесіне құқығы күшін жоғалтады және жер учаске іске асырылмаған шартты жер үлестерінің есебіне аудандық (қалалық) атқарушы органның шешімі бойынша ауданның арнайы жер қорына есептеледі. Осылайша, егер шартты жер үлесіне құқықтар 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырылмаған жағдайда, онда жер үлесі құқығын басқаға беру туралы шарттың күші жойылды. ҚР Жер кодексінің 167-бабына сәйкес жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.

    Сұрақ

    Өсімдік шаруашылығын субсидиялау қағидаларында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қарсы міндеттемелері бөлігінде қандай өзгерістер енгізілді?

    Жауап

    Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығы) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қарсы міндеттемелер енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді. Енді субсидия алушылар агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнім көлемінің ақшалай мәнде өткен жылғы деңгейден төмендемеуін немесе өсімін қамтамасыз етуге міндетті. Есептеу ГИСС жүйесінде өндірілген өнім көлемі мен Ұлттық статистика бюросының орташа нарықтық бағалары негізінде автоматты түрде жүргізіледі. Қарсы міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер ГИСС жүйесінде тіркеліп, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді болады. Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы жағдайлары, төтенше жағдайлар немесе фитосанитариялық қауіптер сияқты форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде міндеттемелердің орындалмауы уәкілетті органдардың тиісті құжаттарымен расталады. Расталған форс-мажорлық жағдайларсыз қарсы міндеттемелер орындалмаған жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші субсидия алу құқығынан айырылады: бірінші бұзушылық кезінде — 1 жылға, қайталанған жағдайда — 2 жылға.

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуші мәртебесін алу үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуші мәртебесі Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін аттестаттау нәтижелері бойынша беріледі. Аттестаттауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. Тұқымдарды өткізуші мәртебесін алу үшін өтініш беруші келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс: тұқымдарды сақтау үшін олардың сапасын сақтауды қамтамасыз ететін қойма немесе сақтау орындарының болуы; тұқымдарды тазалау, өңдеу, сақтау және өткізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның болуы; тұқымдарды буып-түю және таңбалау үшін арнайы ыдыстар мен жағдайлардың болуы; тұқымдардың әр партиясы бойынша олардың саны, шығу тегі, сапасы және сорттық және егістік сапаларын растайтын құжаттары көрсетілген есеп жүргізу; өткізілетін тұқымдардың сорттық және егістік сапаларын растайтын құжаттардың болуы; тұқымдарды сақтау және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау. Аттестаттаудан өту үшін өтініш беруші уәкілетті органға өтініш және қажетті құжаттарды ұсынады. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұқымдарды өткізуші мәртебесін беру немесе белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бас тарту туралы шешім қабылданады.

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеудің тәртібі қандай?

    Жауап

    Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тіркеу қағидалары. 1) Қағаз түрінде тіркеу пункті (қызмет көрсетуші) арқылы өтініш берген кезде: 1)тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) кеңсе қызметкері құжаттар пакетін қабылдайды, тіркейді және өтініштің қабылданғанын растайды, құжаттар пакеті қабылданғанын көрсететін белгі қояды, оның көшірмесінде қабылдау күні мен уақытын көрсетеді және тіркеу 2) пунктінің (қызмет көрсетушінің) басшысына жолдайды; тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) басшысы құжаттарды қарайды және орындау үшін тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) жауапты орындаушысына (бұдан әрі – инженер-инспекторға) жолдайды; 3)инженер-инспектор тіркеу әрекеттерін жүргізеді, деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, оны тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) басшысына қол қою үшін жолдайды; 4)тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және оны тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) кеңсесіне жолдайды; 5)тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) кеңсе қызметкері қызмет алушыға тіркеу құжатын (дубликатын) және (немесе) нөмірлік белгіні береді, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты осы Ережелердің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады. Портал арқылы электрондық түрде өтініш берген кезде: 1)қызмет алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі; 2)инженер-инспектор портал арқылы түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) басшысына қол қою үшін жолдайды; 3)қызмет алушыға тіркеу құжатының (дубликатының) және (немесе) нөмірлік белгілердің дайын екендігі туралы, оларды беру уақыты мен орны көрсетілген хабарлама осы Ережелердің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолданады, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап осы Ережелердің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

    Сұрақ

    Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияны кім ала алады?

    Жауап

    «Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы және «электрондық лицензиялау» порталы арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған). Лицензия алу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: лицензия алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның өтініші; біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: лицензия беру – 11 (он бір) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет қызмет алушыларға ақылы негізде көрсетіледі: лицензия беру үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш (АЕК); лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызы. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Нәтиже қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.

    Сұрақ

    Астық қолхаттарын шығару арқылы қоймалық қызмет көрсетуге лицензияны кім ала алады?

    Жауап

    Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметін көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz. веб-порталы – арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған). Лицензия алу үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: 1. лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші; 2. біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1. лицензия беру – 10 (он) жұмыс күні; 2. лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні; 3. лицензияны электрондық форматқа көшіру – 2 (екі) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет қызмет алушыларға ақылы негізде көрсетіледі: 1. лицензия беру үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш (АЕК); 2. лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызы. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметін көрсетуге лицензия беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Нәтиже қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.

    Ақпарат

    Шаруашылық жүргізуші субъектілер аумағында жатаған укекіре бойынша карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ

    Шаруашылық жүргізуші субъектілер аумағында жатаған укекіре бойынша карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ

    Ақпарат

    «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 06 қарашадағы № 292 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 06 қарашадағы № 292 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.