"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Әкімдік туралы

    "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі аумағында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын әкімнің қызметін қамтамасыз ететін коммуналдық мемлекеттік мекеме.

    Ауылдық округ әкімі Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы болып табылады және оның атынан мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста сенімхатсыз әрекет етеді.

    Ауылдық округ әкімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі болады.

    Мемлекеттік органның міндеттері

    "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті ауылдық округті дамытудың мүдделері мен қажеттіліктерімен ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуде әкімнің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

    Коммуналдық мемлекеттік мекеме заңнамаға сәйкес ауылдық округ әкімінің құзыретіне кіретін мәселелерді орындау бойынша өкілеттіктерді жүзеге асырады:

    Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;
    Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
    Тиісті мәслихат бекіту үшін тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікті ұстауға арналған шығыстарды қамтитын әкім аппаратының сметасын әзірлейді және жоғары тұрған әкімдікке енгізеді;
    Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
    Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
    Тұрғын үй қорын салу мен жөндеуді, жолдарды пайдалану мен күтіп ұстауды ұйымдастырады;
    Шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
    Өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
    Заңнамада белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
    Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
    Халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету жөнінде жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгізеді;
    Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі;
    Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
    Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

    2026 жылғы 4 мамырдан 15 маусымға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі: 1) ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    ОтырысАяқталды

    Нәтижелерді көпшілік алдында талқылау туралы хабарландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

    Бірлік ауылдық округінің жұртшылық кеңесінің отырысында 2026 жылғы 5 маусымда сағат 10.00-де «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді.

    29 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Северо-Казахстанская область, район имени Габита Мусрепова, село Бирлик, улица Кирова 5, 2 этаж, кабинет №5Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.