Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Дружба ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Дружба ауылдық округі 1997 жылы құрылған. Оның құрамына Дружба, Целинное, Володар, Жаркөл ауылдары кіреді.

    2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны-1556 адамдар.

    «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округі аумағында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын әкімнің қызметін қамтамасыз ететін коммуналдық мемлекеттік мекеме.

    Ауылдық округ әкімі Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы болып табылады және оның атынан мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста сенімхатсыз әрекет етеді.

    Ауылдық округ әкімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі болады.

    «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті ауылдық округті дамытудың мүдделері мен қажеттіліктерімен ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуде әкімнің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.