Әзірбайжанға, Түркияға және Қырғызстанға жүк тасымалы.

    Әзірбайжанға, Түркияға және Қырғызстанға жүк тасымалы.

    elicense.kz порталында шетелдік рұқсат бланкілерін алуға болатын бағыттар тізімі кеңейтілді. Қазақстандық жүк тасымалдаушылар енді Әзербайжан, Түркия және Қырғызстан аумағына кіруге арналған электрондық рұқсаттарды онлайн рәсімдей алады.
    Шетелдік рұқсат бланкісі (ШРБ) – қазақстандық тасымалдаушыға белгілі бір шет мемлекеттің аумағында жүк тасымалдауға құқық беретін құжат. Мұндай рұқсаттар мемлекеттер арасында екіжақты негізде алмасылады.
    Қызметті Қазақстан Республикасында тіркелген және халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсаты бар көлік құралдарына ие заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер пайдалана алады.
    Рұқсат алу үшін elicense.kz порталында авторизациядан өтіп, «Көлік» бөліміне кіру керек. Одан кейін «Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру» қызметін таңдап, ұйым мен көлік құралы туралы деректерді толтырып, бағытты және бланк санын көрсетіп, мемлекеттік бажды төлеп, өтінімге қол қою қажет.
    Қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні. Дайын рұқсат elicense.kz порталындағы Жеке кабинетке жіберіледі. Бланктің жарамдылық мерзімі – 30 күн. Қызмет құны – бір бланк үшін 1 АЕК.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.