Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы

    Басқарма туралы

    Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасының миссиясы: Өңірдің туристік әлеуетін тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде дамыту және ілгерілету, туристерді тартуға және оларға қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасау, Шығыс Қазақстан облысының мәдени, табиғи және тарихи мұрасын сақтау және насихаттау, туризм саласындағы инновациялық әрі экологиялық тұрғыдан жауапты бастамаларды қолдау, туристік қызметтердің сапасын арттыру және өңірдің ішкі және халықаралық туризм үшін тартымды әрі қауіпсіз бағыт ретіндегі беделін нығайту.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Облыста ай сайын Өңірлік инвестициялық штабтың отырысы өткізіледі.

    Ай сайын айдың бірінші онкүндігінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп өңірлік инвестициялық штаб өткізіледі. Штабтың қатысушылары мүдделі мемлекеттік органдар, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, облыстық прокуратураның өкілдері, "KazakhInvest"ҰК АҚ өңірлік өкілдері болып табылады. Отырыста аудандар мен қалалардың, басқарманың өкілдері және инвестициялық жобалардың өкілдері тыңдалады.

    1 тамыз 2025 ж.Тікелей
    г.Усть-Каменогорск, улица М.Горького, 40Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы
    ОтырысАяқталды

    Абай Құнанбайұлы — қазақ халқының рухани болмысы мен ұлттық санасының айшықты тұлғасына 180 жыл.

    2025 жылдың 10 тамызында ұлы қазақ ақыны, ойшылы, сазгері әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Абайдың шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне жол ашып, оның терең философиялық ойлары ұлттың рухани дамуына зор ықпал етті. Ол білімге, прогреске және ынтымаққа үндеді. Абайдың «Қара сөздері» сынды туындылары бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпай, жас ұрпақты шынайылық пен үйлесімге ұмтылуға шабыттандыруда.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.