Алтай ауданының әкімдігі

    Әкімшілік туралы

    Алтай ауданы 1 056 096 га алаңымен аумақты алып жатыр, бұл облыс алаңының 3,7% құрайды. Алтай ауданының ауданының аумағында екі қала орналасқан: Алтай және Серебрянск; 4 кент: Прибрежный, Зубовск, Октябрьск, Жаңа Бұқтырма; 9 ауылдық округ: Малеевск, Северное, Средигорный, Чапаево, Парыгино, Никольск, Соловьево, Полянск, Тұрғысын. Аудан орталығы - Алтай қаласы, облыс орталығы – Өскемен қаласынан 175 шақырым жерде орналасқан.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    2026 жылғы 4 маусымда Алтай қаласы әкімдігінің «Алтай қаласының Жылу-су орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында комплаенс жөніндегі маман Н.В.Кашкаров ұйымдастырған дәріс өткізілді.

    Алтай ауданының әкімдігі
    Ашу

    2026 жылғы 4 маусымда Алтай қаласының әкімдігінің "Серебрянск қаласының және Жаңа Бұқтырма кентінің жылу-су орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында кезекті дәріс өтті.

    Алтай ауданының әкімдігі
    Ашу

    ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСТЕРІН БАЙҚАСАҢЫЗ — БІЗГЕ ХАБАРЛАҢЫЗ!

    Алтай ауданының әкімдігі
    Ашу

    Серебрянск қаласында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының XXII еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті.

    Алтай ауданының әкімдігі
    Ашу

    Балалық шақтың, мейірімділік пен шығармашылықтың ғажайып әлемі ақын әрі жазушы Екатерина Емельяновна Головатаның мерейтойына арналған «Өмірді түрлі-түсті етіп бейнелеймін» атты поэзиялық кеште ерекше көрініс тапты.

    Алтай ауданының әкімдігі
    ОтырысАяқталды

    Қадірлі Алтай ауданының тұрғындары!

    Күн менен түн теңеліп, Жер-Ана жаңа күйге еніп, тіршілік атаулы оянып, айнала мәре-сәре болатын Ұлыстың ұлы күні –жыл бастауы әз-Наурыз баршаңызға құтты болсын! Ежелден барша түркі жұртына және Шығыс халқына ортақ, бесмыңжылдық тарихы бар Наурыз мейрамы –береке мен бірліктің, молшылық пен тоқшылықтың мерекесі. Бұл күнге де аман-есен жеттік деп қуанған халық бір-бірімен қуана көрісіп, өкпе-ренішті ұмытып, бір қазаннан Наурыз көже ішіп, тойлатқан. Бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызып, егін салды. Қыстан қысылып шыққан ағайынға дем беріп, қайырымдылық көрсетті. Бүгінгі күні де осы дәстүрлеріміз ұмытылмай, керісінше, қайта жаңғырып, жанданып келеді. Қазіргі таңда Наурыз мейрамын тойлаудың басты мақсаты - қоғамды біріктіру, қазақ халқының ұлттық бірегейлігі мен мәдени ерекшелігін сақтау және насихаттау үшін жағдайлар жасау.Ол - жаңару идеясына негізделген, үлкен идеологиялық әлеуетке ие мереке ретінде отбасы мен қоғамды біріктіретін құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз елімізге тыныштық, жерімізге молшылық, әрбір отбасына бақ-береке, ырыс-құт әкелсін деп тілеймін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын!

    21 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аудан әкімінің 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы!

    Ардақты аналар, қадірлі қыз-келіншектер! Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызбен ең ізгі құттықтауларды қабыл алыңыз! Осы мерекелік күні шын жүректен Сізге көздеріңіз әрдайым бақыттан жарқырап, жоспарларыңыз оңай жүзеге асып, жаныңызда сенімді достарыңыз бен сүйікті жақындарыңыз болсын деп тілеймін. Әр жаңа күн Сізге шабыт пен өз жетістіктеріңізге деген мақтаныш сезімін сыйласын. Жаныңыз қуаныштан ән салып, жүрегіңіз шынайы сезімдердің жылуымен жылынсын. Көктем Сіздің үйіңізге тек жақсы жаңалықтар мен ең жарқын үміттердің орындалуын әкелсін

    5 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    25 қазан күні біз Қазақстан Республикасының күнін атап өтеміз — бұл еліміздегі ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі.

    Бұл күн — мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендік пен қазақстандықтардың бірлігін білдіретін маңызды тарихи оқиға. Мереке 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның құрметіне белгіленген. Бұл тарихи құжат Қазақстанның толық тәуелсіздікке апарар жолындағы алғашқы қадам болды. Ал толық мемлекеттік тәуелсіздік 1991 жылғы 16 желтоқсанда ресми түрде жарияланды. Бүгінгі таңда Республика күні — бұл тек тарихи оқиғаларды еске алу ғана емес, сонымен қатар елдің жетістіктеріне деген мақтаныш, тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрметтің көрінісі. Бұл — Қазақстанның гүлденуі, бейбітшілігі мен игілігі жолында барша азаматтарды біріктіретін ерекше күн.

    25 қазан 2025 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.