Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Соловьево ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Соловьево ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты қамтамасыз етеді. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Соловьево ауылдық округі 1812 жылы құрылды, Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында орналасқан. Аудан орталығынан қашықтығы 16 км. Округ аумағы 28623 га, оның ішінде округтің елді мекендердің ауданы 6420 га. Ауылдық округтің құрамына 5 елді мекен кіреді: Соловьево, Маяк, Ново-Крестянка, Подорленок және Ленинск. Әкімшілік орталығы - Соловево ауылы. Округ шығысында Малеевск ауылдық округімен, солтүстігінде Алтай қаласымен және Чапаев ауылдық округімен, оңтүстігінде Средигорное ауылдық округімен, шығысында Никольский ауылдық округімен шектеседі.

    ОтырысАяқталды

    Есептік кездесулер.

    09.01.2026 ж. Соловьево ауылдық округінің елді мекендерінде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2026 жылға міндеттер бойынша аудан әкімі Р.Т. Курмамбаевтың және округ әкімі М.А. Тюлюбаевтың есептік кездесулері өтті. Округ тұрғындары толғандырған келелі мәселелер жөнінде сұрақтарын қойды.

    ОтырысАяқталды

    Тыл еңбеккері 90 жасқа толды.

    Әкімдік, ардагерлер кеңесі, мектеп және клуб өкілдері тыл еңбеккері Александр Сидорович Ануфриевті 90 жасқа толуымен құттықтады.

    ОтырысАяқталды

    «Халық заңгері»

    «Халық заңгері» жобасы аясында 11.12.2025 ж. Соловьево ауылының тұрғындарымен прокуратура, полиция өкілдерінің және әкім аппаратының қатысуымен кездесу өтті.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.