Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің аппараты
"Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жаңа Бұқтырма кенттік округі 1965 жылы құрылған, Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында орналасқан. Аудан орталығынан қашықтығы-79 км. Округ аумағы-39836 га, оның ішінде округтің елді мекендерінің ауданы 2901 га. Ауылдық округтің құрамына 3 елді мекен кіреді: Жаңа Бұқтырма кенті, Березовка ауылы, Александровка ауылы. Әкімшілік орталығы-Жаңа Бұқтырма кенті.