Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Зубовск кенті әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы
    1. Әкім аппаратына басшылықты аудан әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына 
      және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Зубовск ауылының әкімі
      жүзеге асырады.

      2. Зубовск ауылы әкімінің өкілеттігі:

    1)әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды;

    2)жергілікті қоғамдастық жиналысында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

    3)Зубовск ауылы бюджетінің атқарылуы туралы шешім қабылдайды;

    4)Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың өз билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдерінің және шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;

    5)тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантиндік немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім қабылдайды;

    6)тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді жою туралы шешім қабылдайды;

    7)әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады;

    8)Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген бюджет қаражатын және (немесе) кірістерді үнемдеу есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдайды;

    9)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іссапарлар, тәртіптік жауапкершілік, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету және көтермелеу мәселелерін шешеді, әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерін жұмыстан босатады;

    10)шарттар мен келісімдер жасайды, төлем құжаттарына қол қояды, сенімхаттар береді;

    11) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда әкім аппаратының атынан өкілдік етеді;

    12)Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Зубовск кенті әкімінің ол болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

    ОтырысАяқталды

    Бүгін — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.

    Бүгін — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл — ұлтымыздың ғасырлар бойы үзілмей жалғасып келе жатқан мәдени мұрасына арналған күн. Ата-бабадан қалған салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз бен ұлттық құндылықтарымыз — халқымыздың рухани байлығы. Осындай асыл мұраны дәріптеп, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу — баршамыздың ортақ міндетіміз.

    ОтырысАяқталды

    2026 жылғы 24–25 қаңтар күндері Шығыс Қазақстан облысының жас өнертапқыштары мен инженерлері арасында дронрейсинг және авиамоделдеу бойынша «AITU KazRoboDrone 3.0» халықаралық байқауының облыстық кезеңі өтті.

    2026 жылғы 24–25 қаңтар күндері Шығыс Қазақстан облысының жас өнертапқыштары мен инженерлері арасында дронрейсинг және авиамоделдеу бойынша «AITU KazRoboDrone 3.0» халықаралық байқауының облыстық кезеңі өтті. Дронрейсинг және авиамоделдеу бағыттары бойынша өткен өңірлік іріктеу қорытындысында Алтай қаласындағы №7 орта мектеп КММ оқушылары теориялық және практикалық дайындықтарының жоғары деңгейін, техникалық сауаттылығын және заманауи технологияларды сенімді меңгергенін көрсете отырып, төмендегідей жүлделі орындарға ие болды: 🥇 Цыгановский Егор Евгеньевич — I орын; 🥇 Антонова Ангелина — I орын; 🥇 Макаров Кирилл — I орын; 🥈 Пашкина Екатерина — II орын. Облыстық кезеңдегі табысты өнер көрсету қатысушыларға байқаудың финалдық кезеңіне жолдама берді. Финал Астана қаласында, Astana IT University базасында өтеді. Алда — шешуші кезең, онда құнды сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар сарапқа салынады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Финалда сәттілік, батыл идеялар мен жоғары нәтижелер тілейміз! 🚀

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.