Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік күні. Әрбір халық үшін Тәуелсіздік күні – тарихтың жүздеген беттері мен еліне деген шынайы сүйіспеншілігі астасып жатқан ерекше мереке. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң Қазақстанды мемлекеттік органдардың дербес жүйесі, дербес экономикалық жүйесі, өзінің қарулы күштері және біртұтас азаматтығы бар тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Осы сәттен бастап Қазақстан өмірінде жаңа дәуір – елімізді мекендеген халықтардың мүдделері мен ұмтылыстарын толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәуелсіз даму дәуірі басталады.