Шу ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    "Шу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультациялық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қарыз жүктемесін төмендету бойынша көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабындағы 1-тармағына сәйкес, банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады. Заңның 7-бабындағы 3-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады. Көрсетілген талаптарға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың банктерді қарыз аушылардың банктік заемдері бойынша шарттарын өзгертуге міндеттеу бойынша құқықтары жоқ (атап айтқанда сыйақы ставкасын төмендету, төлеу кестесін өзгерту, төлемдер бойынша мерзімін шегеру, қарызды кешіру және т.б.). Осыған байланысты сіз қарызды қайтару шартын өзгерту туралы өтінішіңбен қарыз алған банкке баруыңыз қажет. Банк сіздің өтінішіңізді қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ішкі банктік бағдарламалар шеңберінде аталған қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінішпен басқа банктерге барып өтініш бере аласыз.

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады ?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекет меншігіндегі бар және де жер пайдалануына ұсынылмаған жер телімдерінің немесе жер телімдеріне жалдау құқығының ұсынылуы сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының сайтында жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі: 1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім; 2) конкурстық ұсыныс. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер коммисиясымен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді. Конкурстың жеңімпазы бизнес-жоспарға сәйкес конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестицияның болжамды көлемі бойынша баллдарды беру арқылы, бағаланады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, облыстың аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беруге конкурс жариялағаннан кейін әр жеке немесе заңды тұлға оған қатысуға құқылы.

    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қалай тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін Сіз санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарыңызды қоса отырып «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш беріңіз қажет. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж келесі санттарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; 1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 1-2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, 2) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына; 3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Заңның 69-бабына сәйкес осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер: 1) есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса; 2) есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса; 2-1) өздеріне берілген сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайы болмаса; 3) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 270-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 4) өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе; 5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса; 6) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (КД – отбасының өткен тоқсандағы кірісі мүшесіне 22792 теңге аспайтын). Атаулы әлеуметтік көмекті алу мәселесі бойынша белгіленген үлгідегі өтініші мен сәйкестендіру үшін жеке басын куәлендіретін құжатын алып тұрақты тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе «Электрондық үкімет» E-gov веб-порталы арқылы өтініш беруге болады. Өтініш білдіру кезінде сізге толық кеңес беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) мәселесі қарастырылады.

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін калай алуға болады?

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Жер заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес, сұраныс салынған жер учаскесі орналасқан жері бойынша жер учаскені беру жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабынын 3-тармағына сәйкес жер учаскелеріне меншік және жер пайдалану құқығының өздеріне берілуіне мүдделі, жеке заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органына өтініш беріледі. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөлу үшін су және электр қуатымен қамтамасыз етілген сәйкес келетін алаңшалар дайын болу мөлшерінде және кезектілік тәртібінде, жер учаскелерін беру жүзеге асырылады. Жер заңнамасымен жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезексіз және жеңілдікпен жер учаскенің берілуі қарастырылмаған.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.