Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік нөмірін қалай білуге болады?
Тұрғын үйге кезектілік нөмірін Электрондық үкімет eGov.kz порталында тексеруге болады. Электрондық үкімет порталындағы сервис тұрғын үй кезектілігінің жылжуы туралы деректерді қарауға, сонымен қатар Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғандардың кезектілік тізімін тексеруге мүмкіндік береді. Ол үшін Электрондық үкімет порталында авторлық тіркелу, ЖСН көрсету және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегін қарау» сервисін таңдау керек.

