Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады ?
ҚР Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекет меншігіндегі бар және де жер пайдалануына ұсынылмаған жер телімдерінің немесе жер телімдеріне жалдау құқығының ұсынылуы сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының сайтында жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі: 1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім; 2) конкурстық ұсыныс. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер коммисиясымен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді. Конкурстың жеңімпазы бизнес-жоспарға сәйкес конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестицияның болжамды көлемі бойынша баллдарды беру арқылы, бағаланады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, облыстың аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беруге конкурс жариялағаннан кейін әр жеке немесе заңды тұлға оған қатысуға құқылы.





