Хабарландыру!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін факторларды анықтау және жою мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, "Тараз қаласы "Жібек жолы" ауданы әкімі аппараты" КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды. Талдау 2026 жылдың 15 сәуір айынан 01 маусым айы аралығында өткізіледі және әкімдік қызметінің негізгі бағыттарын қамтиды.