Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы

    Басқарма туралы

    «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі қоғамдық даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    «Тарихи тұлғалар» тізіміне кісі есімін қалай енгізуге болады?

    Жауап

    1) «Тарихи тұлғалар» тізіміне аудан, қала әкімдіктерінен «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-5-бабында көрсетілген ономастика жұмысының критерийлеріне сәйкес келетін жергілікті жердегі танымал тұлғалардың тізімдері жинақталып, облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады; 2) Ономастикалық нысандарға атау беру және оларды қайта атау жұмыстарын жүргізу барысында ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісілген, Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған «Тарихи тұлғалар» тізімі басшылыққа алынады; 3) «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (11.07.1997 ж. № 15) 25-5 бабында және ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен (11.07.2025 ж. № 317-НҚ) бекітілген Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымда көрсетілген ономастика жұмысының критерийлері негізінде екі жылда бір (1 қарашаға дейін) ономастика саласындағы уәкілетті органға (ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясы) «Тарихи тұлғалар» тізбесін өзектендіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану тәртібі қандай нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану тәртібі: 1) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық заңымен; 2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 Қаулысымен; 3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 8 маусымдағы №137 бұйрығымен реттеледі.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.