Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасы

    Басқарма туралы

    «Жетісу облысының Цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органдары қызметінде ақпараттандыру, цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, байланыс және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Қазақстандағы ең ірі IT-хакатон 27 наурызда басталады

    Astana Hub пен Blockchain & AI Technology Center (BAITC) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен елдегі ең ірі мультилокациялық хакатон Decentrathon 5.0 өткізеді. Іс-шара бір мезгілде 2026 жылғы 27 наурыз және 5 сәуір аралығында Қазақстанның 20 қаласында өтеді және барлық өңірден технологиялық қоғамдастықты біріктіреді. Хакатон 2026 жылғы 27 наурызда Шымкентте өтетін Digital Qazaqstan бірінші ұлттық технологиялық форумы шеңберінде ұйымдастырылған және сол жерде Decentrathon жобасының ашылуы өтеді. Осы маусымда Decentrathon 5.0 Шымкент, Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Өскемен, Қонаев, Талдықорған, Тараз, Түркістан және Орал қалаларын қамтиды. 3000-нан астам әзірлеуші мен 1500 команда қатысады деп күтіліп отыр, олар AI және Blockchain сынды екі негізгі бағытта шешімдер әзірлейді. «Decentrathon — еліміздегі ең ауқымды IT-алаңдардың бірі. Бірнеше жыл бойы ол Қазақстанның барлық өңірінен әзірлеушілерді біріктіріп, технологиялық қауымдастықты қалыптастырып келеді. Мұндай формат адами капиталды шоғырландырып, жасанды интеллект саласындағы сараптаманы күшейтуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында белгілеген басымдықтарға сәйкес, отандық цифрлық шешімдерді дамыту мен насихаттауға кәсіби қоғамдастықты тартудың маңызы зор. Әлемде краудсорсинг тәсілдеріне деген тренд күшейіп келеді, сондықтан бұл үрдістің ұлттық тәжірибемізге енгені маңызды. Бұл технологиялық өнімдердің сапасы мен сұранысына қосымша серпін береді», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев. Хакатон жаңа форматта өтеді. Атап айтқанда, 27 наурызда Шымкентте салтанатты ашылу рәсімі басталады, онда қатысушыларға мерекелік бағдарлама, пицца және шектеулі көлемде мерчтер ұсынылады. Бұдан әрі командалар онлайн-форматта жұмысын жалғастырады, яғни келесі тоғыз күннің ішінде қатысушылар жобаларды әзірлейді, қолдау алады және шешімдерді соңғы презентацияға дейін жеткізеді. Аталған іс-шара Қазақстандағы Цифрландыру мен жасанды интеллект жылы аясында өткізіледі әрі отандық сандық технологияларды дамытуға және жаңа буын IT-мамандарын қалыптастыруға ықпал етеді. Толық ақпарат және тіркеу сілтеме бойынша қолжетімді. Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1167351?lang=kk

    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру

    «Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалар паспорттарын 02.03.26 - 15.03.2026 ж. аралығында жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлаймыз. Жоспарлы кезең 2026-2028 жж. Қарау және талқылау үшін сізге бюджеттік бағдарламалар жобаларына гиперсілтемелер берілді: 001 https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4162976 008 https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4165124

    ОтырысАяқталды

    Талдықорғанда тегін Python курсына жазылу басталды!

    🔥 Жетісу облысы әкімдігінің «Цифрлық технологиялар басқармасы» және IT-hub «Jetisu Digital» қолдауымен Samsung компаниясы Python бойынша тегін офлайн курсты іске қосады! 👩‍💻 Кімдерге арналған? 13-25 жас аралығындағы жастарға 📍 Қайда? IT-hub «Jetisu Digital», Қонаев көшесі, 47 📆 Сабақтар қашан өтеді? ▪️ 1-топ: Сейсенбі және бейсенбі, 15:30 – 17:30 ▪️ 2-топ: Сейсенбі және бейсенбі, 17:30 – 19:30 ⏳ Курс ұзақтығы: 4 ай ✅ Сізді не күтеді? ✔️ Ең танымал және болашағы зор бағдарламалау тілін меңгеру ✔️ Аптасына 2 рет 120 минуттық сабақтар ✔️ Сертификаттар және үздік студенттерге Samsung-тан бағалы сыйлықтар! ⚠️ Қалай жазылуға болады? 1️⃣ Тіркеуден өтіңіз 👉 https://samsung-campus.kz/ 2️⃣ Кіріспе емтиханды тапсырыңыз (өту балы — 40) және пәнді таңдаңыз! 📅 Өтінімдер 2026 1 наурызға дейін қабылданады. Қатысып үлгеріңіз! 🚀

    20 ақпан 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    It-Hub «Jetisu Digital» не істейді және ол не үшін қажет?

    Жауап

    It-Hub «Jetisu Digital» - бұл барлық жастағы адамдар заманауи цифрлық дағдыларды игере алатын орын. Біз бүгінде сұранысқа ие нәрсені үйретеміз: сайтты қалай құруға болады, дизайнмен қалай жұмыс істеуге болады, IT жобаңызды қалай ойлап табуға және іске қосуға болады, нейрондық желілерді қалай пайдалануға болады, тіпті өзіңізді немесе бизнесті интернетте қалай жылжытуға болады. Бірақ біз жай ғана сабақ бермейміз-біз білімді іс жүзінде қолдануға көмектесеміз. Бізде сарапшылармен кездесулер, идеялар жарыстары, мастер-класстар өтуде және өзімізді көрсетуге, тіпті өз стартапымызды бастауға мүмкіндік бар (яғни — технология саласындағы өз ісіміз). Біздің басты мақсатымыз — Талдықорған мен Жетісу облысы халқына өсу үшін нақты мүмкіндіктер беру: келешек іздеп үлкен қалаларға кетпей, IT-де жұмыс істеп, пайдалы жобаларды құрып табыс көзін табуына тілектеспіз.

    Сұрақ

    Балабақшаларға кезекті қайдан көруге болады?

    Жауап

    https://e-zhetysu.kz/ порталында «Балаларды кезекке қою, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама алу және қабылдау» бөліміндегі «Кезекті тексеру» батырмасына баланың ЖСН-ін жазып, кезектің жай-күйі туралы ақпаратты мектепке дейінгі балалар ұйымдарына ала аласыз.

    Сұрақ

    Баламды балабақшаға кезекке қою үшін қайда бару керек?

    Жауап

    Жетісу облысының білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету үшін https://e-zhetysu.kz/ порталы жұмыс істейді. Сіз балаңызды мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама алу үшін кезекке қоя аласыз, сондай-ақ байланыс деректері сайттын «Көмек» бөлімінде көрсетілген техникалық қолдау қызметіне хабарласу арқылы өз сұрақтарыңызды қойып және техникалық қолдау ала аласыз.

    Сұрақ

    Сапасыз интернет бойынша қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Байланыс сапасына шағымдар туындаған жағдайда тұрғын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясына проблеманы, өтініш берушінің байланыс деректерін және нақты мекенжайын көрсете отырып, ресми өтініш жазуға құқылы. Осы өтініш негізінде байланыс операторларына қатысты көрсетілетін қызметтердің сапасына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған кезде оларды түзету туралы нұсқама беріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады. Интернет сапасы нашарлауы ауа райының қолайсыздығына, таулар мен ғимараттарға, жертөлелер мен тоннельдерге, электр құрылғыларына немесе сигналға кедергі келтіретін арнайы жабдықтарға байланысты.

    Сұрақ

    Менің IT саласындағы жобам бар, оны сізге қалай ұсына аламын?

    Жауап

    Сіз презентацияңызды [email protected] электрондық поштасына немесе пошта арқылы Талдықорған қаласы Н.Назарбаев даңғылы,38 мекен-жайына жібере аласыз.

    Бюджет

    Азаматтық бюджет

    Азаматтық бюджет. Лимит https://budget.egov.kz/material/material?id=4313207&govAgencyId=23360638

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.