Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты
"Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімдік пен округ әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультациялық қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.
Сарыбел 1950 - 97 жылдары жүгері өсіретін ұжымшардың бөлімшесі болды. Оның негізінде 1997 жылдан Сарыбелде және округке қарасты Садыр, Тұрпан ауылдарында ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Орталығы – Сарыбел ауылы, құрамында 3 ауыл бар: Сарыбел, Садыр, Тұрпан. Аудан орталығынан 30 км жерде орналасқан. 2024 жылғы мәлімет бойынша 5024 адамды құрайды. Сарыбел ауылдық округінде 3 мектеп, 1 балабақша, 1 мектеп жанында шағын орталық, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшер – акушерлік пункт, 1 үймен біріктірілген жергілікті полиция учаскесі, 1 ветеринарлық пункт, 1 өрт сөндіру бөлімшесі бар.
Жаңалықтар
Оқиғалар
Республика күні
Халықаралық балаларды қорғау күні
Балалар күні құтты болсын! Балаларымыз мүмкіндігінше уайымсыз, көңілді, қуанышты бала болып қала берсін. Әр бала ата-анасының қамқорлығында , аспаны әрқашан ашық болып, әрбір жаңа күн берекелі және қызықты болсын. Ал, ата-аналарға сабырлық, мейірімділік пен нәзіктік тілейміз. Балаларыңыздың бақытты және қауіпсіз балалық шағы үшін сіз жауапты екеніңізді ұмытпаңыз!
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Ел Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығына сәйкес 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.

