«ШемонаихаауданыныңШемонаиха қаласы әкімнің аппараты» ММмемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
2026 жылдың 1 тоқсандағы қызметі туралы есеп
Қазақстан Республикасының Цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39Н/Қ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты»ММ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетеді.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында қағаз және электрондық нысанда, ақпараттық жүйелер арқылы барлығы 25 мемлекеттік қызмет көрсетілді оның ішінде;
- жеке тұлғаларға–21,
- заңды тұлғаларға–4,
Қағаз түрінде қызмет берушінің кеңсесі арқылы – 4 қызмет көрсетілді:
- Жер учаскесін жалға беруді ұзарту – 3 қызмет (жеке тұлғаларға – 3, заңды тұлғаларға-0).
- Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату – 1 қызмет (жеке тұлғаларға - 1, заңды тұлғаларға-0).
«Электрондық үкімет» веб-порталы Е-лицензиялау арқылы электрондық түрде 21 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру 8 қызмет (жеке тұлғаларға-7, заңды тұлғаларға-1).
- Сауда-саттықты( конкурс, аукцион) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды беру – 0 қызмет,(жеке тұлғаларға-0, заңды тұлғаларға-0).
- Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегіндегі жер учаскесіне құқық беру – 7 қызмет (жеке тұлғаларға–7. заңды тұлғаларға-0;
- Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату –3 қызмет (жеке тұлғаларға - 0, заңды тұлғаларға-3).
- Жер учаскесін жалға беруді ұзарту – 3 қызмет (жеке тұлғаларға – 3, заңды тұлғаларға-0).
- Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегіндегі жер учаскесіндегі үлесті ресімдеу– 0 қызмет,(жеке тұлғаларға-0, заңды тұлғаларға-0).
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында «Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегіндегі жер учаскесіне құқық беру» мемлекеттік қызметі бойынша 1 бас тарту тіркелді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері болған жоқ.
Шемонаиха қаланың әкімі М. Желдыбаев