Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік

    "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты" ММ

    Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік

    Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес әлеуметтік бағдарламалардың приоритетінде, 2025 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы қабылданған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2024 жылғы 15 сәуірде еңгізілген өзгерістермен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау құқық бұзушылықтар қылмыстық құқық бұзушылық қатарына жатқызылып, Қылмыстық кодексінің 108-1,109-1-баптарымен жауапкершілік көзделген.

    2026 жылдың басынан Шемонаиха аудандық сотына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексітнің 73-бабымен 96 іс түсіп, оның 47 ісі тараптардың татуласына байланысты тоқталған, Қылмыстық кодексін 109-1, 108-1- баптарымен қылмыстық іс түспеген.

    Осы саладағы құқық бұзушылықтардың жасырынды бөлігі барын ескергенде, бұл елеулі сан.

    Қылмыстық кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормалары зорлық-зомбылық жасалғаннан кейін ғана қолданылады, алдын алып қолданылуы көрсетілмеген.

    Осы орайда полиция бөлімінің қоғамдық қауыпсіздік қызметінің рөлі өте зор, Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы шеңберінде олар құқық бұзушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізеді, қорғау нұсқамасын қолданады, сотқа құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш хат түсіреді, тағы басқа шаралар.

    Тұрмыстық зорлық-зомбылықты жоюға, заң номарларынан бөлек, тұрмыстағы мәдениеттің өзгеруі, шыдамдылық танытпау, жәберленушілерге әлеуметтік қолдау көрсету ықпалын тигізеді.

    Шемонаиха аудандық сотының

    төрайымы А.М.Амреева

    Ұқсас материалдар

    Отчет

    «Шемонаиха ауданының Шемонаиха қаласы әкімнің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2026 жылдың 1 тоқсандағы қызметі туралы есеп

    «Шемонаиха ауданының Шемонаиха қаласы әкімнің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2026 жылдың 1 тоқсандағы қызметі туралы есеп Қазақстан Республикасының Цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39Н/Қ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты»ММ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетеді. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында қағаз және электрондық нысанда, ақпараттық жүйелер арқылы барлығы 25 мемлекеттік қызмет көрсетілді оның ішінде; жеке тұлғаларға–21, заңды тұлғаларға–4, Қағаз түрінде қызмет берушінің кеңсесі арқылы – 4 қызмет көрсетілді: Жер учаскесін жалға беруді ұзарту – 3 қызмет (жеке тұлғаларға – 3, заңды тұлғаларға-0). Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату – 1 қызмет (жеке тұлғаларға - 1, заңды тұлғаларға-0). «Электрондық үкімет» веб-порталы Е-лицензиялау арқылы электрондық түрде 21 мемлекеттік қызмет көрсетілді: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру 8 қызмет (жеке тұлғаларға-7, заңды тұлғаларға-1). Сауда-саттықты( конкурс, аукцион) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды беру – 0 қызмет,(жеке тұлғаларға-0, заңды тұлғаларға-0). Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегіндегі жер учаскесіне құқық беру – 7 қызмет (жеке тұлғаларға–7. заңды тұлғаларға-0; Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату –3 қызмет (жеке тұлғаларға - 0, заңды тұлғаларға-3). Жер учаскесін жалға беруді ұзарту – 3 қызмет (жеке тұлғаларға – 3, заңды тұлғаларға-0). Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегіндегі жер учаскесіндегі үлесті ресімдеу– 0 қызмет,(жеке тұлғаларға-0, заңды тұлғаларға-0). Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында «Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегіндегі жер учаскесіне құқық беру» мемлекеттік қызметі бойынша 1 бас тарту тіркелді. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері болған жоқ. Шемонаиха қаланың әкімі М. Желдыбаев

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.