Қаржы басқарушылардың тізімі/Қаржы басқарушысы ретінде тағайындауға жататын тұлғалар тізімі
kgd-shymkent
Ұқсас материалдар
Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер
Камералдық бақылау — салық төлеушіге бармай-ақ, мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын қашықтықтан салықтық әкімшілендірудің негізгі нысандарының бірі. Осы бақылаудың басты мақсаты — салық төлеушілерге жіберілген бұзушылықтарды өз бетінше жою , салықтарды дұрыс есептеу және әкімшілік жауаптылыққа жеткізбеу болып табылады. Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі Деректерді автоматтандырылған түрде салыстыру: Бақылау салық есептілігін, электрондық шот-фактураларды (ЭШФ), сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді талдау арқылы жүзеге асырылады. Жүргізу кезеңі: Тексеру салық төлеуші есептілікті тапсырғаннан кейін, өткен салық кезеңдері үшін жүргізіледі. Талап қою мерзімі: Рәсім тиісті кезең бойынша заңнамада белгіленген талап қою мерзімі шегінде ғана қатаң түрде жүргізіледі. Хабарламаны алған кездегі салық төлеушінің іс-әрекеті Егер автоматтандырылған талдау барысында сәйкессіздіктер анықталса, салық төлеушінің мекенжайына Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберіледі. Заңнамада оны орындаудың екі нұсқасы көзделген: Анықталған сәйкессіздіктермен келіскен жағдайда: Салық төлеуші түзетулері бар қосымша салық есептілігін ұсынады, тиесілі салықтар мен есептелген өсімді (өсімпұлды) төлейді, содан кейін деректер жүйеде көрсетіледі. Анықталған сәйкессіздіктермен келіспеген жағдайда: Салық төлеуші мемлекеттік кірістер органына негізделген түсіндірме ұсынады. Оған оның ұстанымы мен мәлімделген көрсеткіштерінің негізділігін растайтын құжаттар міндетті түрде қоса беріледі. Ескертпе: Мемлекеттік кірістер органдары хабарламада анықталған сәйкессіздіктерге тікелей қатысы жоқ құжаттарды талап етуге құқылы емес. Түсіндірме қабылданбайтын жағдайлар Егер бұзушылықтар төмендегі жағдайлармен байланысты болса, салық төлеушінің түсіндірмесі хабарламаны орындау ретінде танылмайды: Сот тәртібімен жарамсыз деп танылған мәмілелермен. Нақты жұмыстар орындалмаған, қызметтер көрсетілмеген немесе тауарлар жеткізілмеген операциялармен (жалған немесе көрінеу мәмілелер). Хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаудың салдары Камералдық бақылау хабарламасын елеусіз қалдыру мемлекет тарапынан мәжбүрлеу сипатындағы шараларды қолдануға әкеп соғады: Шоттар бойынша шектеу қою: Салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату. Ресурстарды бұғаттау: Интернет-ресурстарға қолжетімділікті шектеу (шетелдік компанияларға қатысты қолданылады). ЭШФ жазып беруді тоқтату: Электрондық шот-фактураларды жазып беру мүмкіндігін тоқтату, бұл бұдан былайғы коммерциялық қызметті жүргізуді мүмкін емес етеді.
2026 Ж. 5 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Мемлекеттік бюджет жоспарының кіріс бөлігінің орындалуы 81% (жоспар 412,3 млрд.тг., нақты түсім 335,1 млрд.тг., орындалмаған сома 77,2 млрд.тг.), оның ішінде: РБ кірістері 85 % (жоспар 148,3 млрд.тг., нақты түсім 126,1 млрд.тг., орындалмаған сома 22,2 млрд.тг.); ЖБ кірістері 79 % (жоспар 264 млрд.тг., нақты түсім 209 млрд.тг., орындалмаған сома 55 млрд.тг.). Түсімдердің өсу қарқыны 113% , немесе өткен 2025 жылдың 5 айымен салыстырғанда 39,1 млрд.тг. артты (296 млрд.тг.) оның ішінде: РБ -127% немесе 26,6 млрд.тг.артты; ЖБ - 106% немесе 12,5 млрд.тг. артты.
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығы. Қазақстан Республикасынан: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 жəне 100 грамм алтын құймаларын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды əкетуге тыйым салынсын. 1-1. Осы Жарлықтың 1-тармағының талаптары: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операцияларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдардың операцияларына; 2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан əкелінген жəне қайта өңдеу шарттары туралы құжат жəне мемлекеттік бақылау актісі негізінде "кері экспорт" кедендік рəсімімен мəлімделетін шетелдік шикізатты қайта өңдеуден кейін алынған аффинирленген алтынды əкетуге; 3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылатын мемлекеттің алыс-беріс шикізатын қайта өңдегеннен кейін алынған аффинирленген алтынды сол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына аффинирленген алтынды кейіннен əкете отырып (қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды негізінде) əкетуге; 4) екінші деңгейдегі банктердің шетелдік банкпен жасасқан тиісті шарты негізінде жүзеге асырылатын төлемдік емес жəне (немесе) айналысқа жарамсыз қолма-қол шетел валютасын əкетуіне; 4-1) екінші деңгейдегі банктердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілмеген қолма-қол ұлттық валютасын əкетуіне; 5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінде айқындалатын өзге де жағдайларға қолданылмайды деп белгіленсін.