ОБЛЫСТАР БӨЛІНСІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДІҢ АТҚАРЫЛУЫ

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

    Ұқсас материалдар

    Решение

    конкурс нәтижесі С4 ЖБД

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бақылау-кассалық машиналардан фискалдық чектер бойынша сыйақы төлеу бойынша «Salyq cashback» пилоттық жобасын кеңейту туралы

    Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 15 наурыздан бастап іске қосылған «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды. Жоба микро және шағын бизнес субъектілерінен фискалдық чектерді алуды ынталандыру мақсатында сыйақы төлеуге бағытталған. 2026 жылы «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы 5 аудан мен 2 қалада (Ақтөбе және Балқаш қалаларында, Жамбыл облысының 4 ауданында және Ақмола облысының Біржан сал ауданында) жалғасуда. «Salyq кэшбэк» жобасына кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін: Тауарлар мен қызметтер үшін төлем жасаған кезде фискалдық чек алу қажет; Чектегі штрих-кодты «Amian» арнайы мобильді қосымшасы арқылы сканерлеп, сатып алу сомасының 2%-ы мөлшерінде кэшбэк алу қажет. Алынған қаражатты банктік картаға аударуға немесе ұялы телефон теңгеріміне салуға болады. 2026 жылғы маусым айындағы жағдай бойынша төленген кэшбэк көлемі 157 миллион теңгеден асты.

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақтар-жауаптар

    Жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақтар-жауаптар 1. Сұрақ: Менің Қазақстанның бірнеше қалаларында жылжымайтын мүлкім бар. Барлық пәтерлерімді активтер мен міндеттемелер декларациясына (250.00 нысан) қосуым керек пе? Жауап: Жоқ, активтер мен міндеттемелер декларациясына тек Қазақстаннан тыс жерде тіркелген жылжымайтын мүлік көрсетілу керек. 2. Сұрақ: Мен бұрын мемлекеттік қызметкер болдым, 250.00 және 270.00 нысандары бойынша салық декларацияларын тапсырдым. Өткен жылы зейнетке шықтым. Осы жылы 270.00 нысан бойынша салық декларациясын тапсыруым керек пе? Жауап: Егер өткен жылы мемлекеттік қызметте кем дегенде бір күн жұмыс істеген болса, осы жылы 270.00 нысан бойынша салық декларациясын тапсырады. Кейінгі жылдары 270.00 нысан бойынша салық декларациясын тек өз бетінше салық салынуға жататын кірістер алған жағдайда , оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден кіріс алған болса, не Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген жылжымалы не жылжымайтын мүлік, активтер немесе банк шоттары болған жағдайда, немесе жалпы құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік пен активтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алған жағдайда , сондай-ақ дебиторлық не кредиторлық берешегі болған жағдайда ғана тапсырады. 3. Сұрақ: Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде банк шоттары бола ала ма? Жауап: Иә, бола алады, бірақ тек ерекше жағдайларда ғана: егер мемлекеттік қызметші шетелдік мекемелерде жұмыс істеуге жіберілсе, шетелде іссапарда болса немесе оқыса, шетелде тағылымдамадан өтсе, шетелде емделіп жатса немесе кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі не қамқоршысы ретінде шетелде болса. 4.Сұрақ: Активтер мен міндеттемелер декларациясында көрсетілуі мүмкін қолма-қол ақшаның ең көп сомасы қандай? Жауап: Қолма-қол ақша республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер декларациясы тапсырылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолданыста болатын ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 10 000 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көрсетіледі. 5. Сұрақ: Өзім жинаған және туыстарым сыйға тартқан зергерлік бұйымдарым бар. Оларды активтер мен міндеттемелер декларациясында көрсетуім керек пе? Жауап: Жеке тұлғаның қалауы бойынша көрсетіледі. Егер осы мүліктің бір бірлігінің бағасы (құны) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыстағы 1000 АЕК-тен асса және бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші ​​арасындағы шарт негізінде жүргізілген бағалау туралы есепте оның құны айқындалған болса, онда ол декларацияда «басқа» мүлік ретінде көрсетіледі.

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Документ

    «Мақсаттарға қол жеткізу» блогы бойынша операциялық бағалау нәтижелері туралы Қорытынды ҚР ҚМ 2025 жыл

    «Мақсаттарға қол жеткізу» блогы бойынша мемлекеттік органдардың 2025 жылғы қызметін операциялық бағалау нәтижелері туралы Комиссия қорытындысы

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Документ

    «Мақсаттарға қол жеткізу» блогы бойынша операциялық бағалау нәтижелері туралы Қорытынды КР ҚМ 2024 жыл

    «Мақсаттарға қол жеткізу» блогы бойынша мемлекеттік органдардың 2024 жылғы қызметін операциялық бағалау нәтижелері туралы Комиссия қорытындысы

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.