2026 жылғы 14 маусым күні Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімін сайлауы өтті.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес, Целиноград ауданының Қараөткел ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қараөткел сайлау округі бойынша
Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5658 азамат енгізілді, оның 347 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған – 47.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдикаликова А.Ж. – 14; Аубакирова Р.К. – 34; Жеңіс Д.Қ. – 247.
Қараөткел ауылдық округі әкімі болып Жеңіс Даурен Қайратұлы сайланды, 1991 жылы туған, ММ «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» басшысы, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі тәртібімен ұсынылған.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы