Куәлік беру туралы хабарлама

    aqmola-selinograd

    aqmola-selinograd·

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 45 бабына, 46 - баптың 3 тармағына, 113-11 бабының 1 тармағына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 16 маусымдағы шешімімен 2026 жылғы 14 маусымда өткен сайлау қорытындысы бойынша Жеңіс Даурен Қайратұлы Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округінің әкімі болып тіркеліп, Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы А. Айтқожина әкім қызметтік куәлігін табыс етті.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округінің сайланған әкімінің тіркелгені туралы хабарлама

    Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына, 2026 жылғы 16 маусымдағы шешімге сәйкес 2026 жылғы 14 маусымда сайланған әкімін тіркеді – Қараөткел ауылдық округінің әкімі – Жеңіс Даурен Қайратұлы , 1991 жылы туған, Астана қаласында тұрады. Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    aqmola-selinogradЖарияланды:
    Ақпарат

    Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

    2026 жылғы 14 маусым күні Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімін сайлауы өтті. Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес, Целиноград ауданының Қараөткел ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі: Қараөткел сайлау округі бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5658 азамат енгізілді, оның 347 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған – 47. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Абдикаликова А.Ж. – 14; Аубакирова Р.К. – 34; Жеңіс Д.Қ. – 247. Қараөткел ауылдық округі әкімі болып Жеңіс Даурен Қайратұлы сайланды, 1991 жылы туған, ММ «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» басшысы, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі тәртібімен ұсынылған. Целиноград аудандық сайлау комиссиясы

    aqmola-selinogradЖарияланды:
    Решение

    ЖОБА «Целиноград ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану Жоспарын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 3 қарашадағы № 399/52-8 шешіміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы

    Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 3 қарашадағы № 399/52-8 «Целиноград ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану Жоспарын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген шешімдегі № 1, 2, 3 кестелер осы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Осы шешімнің қосымшасына сәйкес № 9, 10, 11 кестелермен толықтырылсын. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    aqmola-selinogradЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.