Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты

    turkestan-keles

    turkestan-keles·

    Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелген

    инвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты

    Қазақстандықтардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельдіжеке басқарушылардың(ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады.

    ҚРҰБ-ның міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың мамырынан бастап 2026 жылдың сәуіріне дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшерішамамен2,00трлнтеңгені құрады, осыкезеңдегікірістілік8,57% болды. Осы уақыт аралығында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс 108,19 млрд теңгені құрады, кірістілік 17,49%.

    Еске сала кетейік, сенімгерлік басқарушылар валюталар, елдер, экономиканың секторлары мен эмитенттер бойынша әртараптандырылған түрлі қаржы құралдарына инвестиция сала отырып, теңгерімді инвестициялық саясат жүргізеді.Инвестициялық кіріс бірнеше көзден қалыптасады: бағалы қағаздар бойынша сыйақы (депозиттер мен өзге де операциялардан түсетін кірістер), қаржы құралдарының нарықтық және валюталық қайта бағалануы, сыртқы басқаруға берілген активтердің нәтижелері және басқа да факторлар есебінен.Осылайша, инвестициялық кірістің көлемі бірқатар жағдайларға тәуелді: портфельдегі қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, валюта бағамдарының ауытқуына, инфляция деңгейіне, дивидендтер төленуіне және өзге де ықпал ететін факторларға. Әр кезеңде табыстылық өсіп те, төмендеп те отыруы мүмкін, бұл өз кезегінде салымшылардың жалпы зейнетақы жинақтарының көлеміне әсер етеді.Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің төмендеуінің негізгі себебі — теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы салдарынан туындаған валюталық активтердің теріс бағамдық қайта бағалануы. Атап айтқанда, АҚШ долларының бағамы 505,53 теңгеден 462,91 теңгеге дейін төмендеді.

    Қаржы нарығының құбылмалылығына қарамастан, орта және ұзақ мерзімді перспективада оң инвестициялық кіріс және зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 979,41% инфляция кезінде 1 060,20% құрады.

    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан бастап(зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған, ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық кіріс – 10,21 трлн теңге.Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі – жүргізілген төлемдер есебімен 39,7% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтары құрылымындағы маңыздылығының айғағы.

    Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Кірістілік деңгейі қаржы құралдарының, валюта бағамдарының және кезеңнен кезеңге дейінгі өзге де көрсеткіштердің нарықтық құнының құбылмалылығына байланысты екенін атап өту маңызды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн.

    Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы.

    Ұзақ мерзімді кезеңде зейнетақы активтерін сақтауға және олардың оң кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚРҰБ-ның неғұрлым консервативті басқаруымен салыстырғанда, ИПБ-ның инвестициялық декларациялары мен реттеушінің талаптары зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру үшін ИПБ-ға кең инвестициялық мүмкіндіктер береді (бұл ретте ИПБ-ның тәуекелдері де жоғары).

    Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

    БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтында "статистика және талдау/зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде жарияланады ( https://www.enpf.kz/kz/).

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі № Меморган Жиі қойылатын сұрақ Қысқаша жауап Толық жауап НҚА-ға сілтеме Кілт сөздер және хештегтер 1 "Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін «Дипломмен–ауылға» жобасы бойынша құжаттарды қайда тапсыру керек? «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін құжаттарды онлайн түрде тапсыруға болады. 2023 жылдан бастап, жоба толықтай цифрлық форматқа ауыстырылды. Енді құжаттарды Сенім білдірілген өкілдің («Отбасы банк» АҚ) ақпараттандыру объектісі – «Баспана Маркет» жылжымайтын мүлік порталы (otbasybank.kz/programm-bank) арқылы жолданады. Көрсетілетін қызметті алушы аталған порталда электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен тіркеліп, құжаттарды электронды (сканерленген) көшірмелері түрінде ұсынады. Бұл арқылы өтініш беру процесі жеңілдетіліп, азаматтардың түрлі мекемелерге бару қажеттілігі жойылды. 2 Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі не үшін қажет? Егер менің мамандығым бұл тізбеде болмаса, мен әлеуметтік қолдау шараларын ала аламын ба? Белгілі бір салада кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін әкімдіктерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Белгілі бір салада кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін әкімдіктерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Бұл тізбе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады. Бұл тізбе алдағы кезеңге тиісті салада әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін мамандықтар санаттарын айқындауға мүмкіндік береді. Қағидаларға сәйкес, көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары тек қана сұранысқа ие мамандықтар тізбесі бойынша ұсынылады. 3 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қай жылға дейін болады? «Дипломмен ауылға» жобасы іске асыру мерзімдері регламенттелмеген. «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуының барлық кезеңінде, әсіресе ауыл жастары арасында өзектілігін жоғалтпай отыр. Сонымен бірге, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жобаны іске асыру мерзімдері регламенттелмеген. 4 Маман туыстарынан тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредитті пайдалана ала ма? Жоқ, пайдалана алмайды. Жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандардан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға тыйым салу жөніндегі норма енгізілді. Бұл норма шын мәнінде тұрғын үйі жоқ мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен неғұрлым тиімді қамтуға ықпал ететін болады. 5 « Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Кәсіпкерлік мақсатында жер телімін қалай рәсімдеуге болады Кәсіпкерлік мақсатта жер учаскелерін алу Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес, тек ашық сауда-саттық (аукциондарла) арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік мақсатта жер учаскелерін алу Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес, тек ашық сауда-саттық (аукциондарла) арқылы жүзеге асырылады. Аукциондар электронды форматта өткізіледі. Оған қатысу қағидалары төмендегідей: 1. Негізгі шарттар Аукционға шығарылған жер учаскесінің алдын ала шекарасы, мақсаты және кадастрлық (бағалау) құны бекітілуі тиіс. Жерді жекеменшікке сатып алуға немесе уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алуға болады. Кәсіпкерлер бизнес жүргізу үшін жер учаскесін өздері таңдап, тиісті өтініш бере алады. 2. Қатысу процесі Хабарландыру: Аукцион басталғанға дейін кемінде 15 күн бұрын жергілікті атқарушы әкімдіктердің сайтында немесе арнайы порталдарда хабарландыру жарияланады. Өтініш беру: Сауда-саттыққа қатысу үшін Электрондық үкімет порталы (Egov.kz) арқылы өтінім беріледі. Кепілдік жарна: Қатысушы аукцион шарттарына сәйкес алдын ала кепілдік жарнасын төлеуі міндетті. 3. Аукцион барысы Аукцион екі жолмен өтеді: Бағаны көтеру (дәстүрлі): Бастапқы бағадан басталып, қатысушылар бағаны бәсекелестік негізде көтеріп, ең жоғары баға ұсынған адам жеңімпаз атанады. Бағаны төмендеу (голлландтық): Егер белгілі бір уақыт ішінде бағаны көтерушілер болмаса, баға шекті мәнге дейін төмендейді, ең бірінші келіскен қатысушы жеңеді. 4. Қорытынды Жеңімпаз бен сатушы (жергілікті атқарушы орган) арасында хаттама толтырылып, кейін сатып алу-сату немесе ұзақ мерзімді жалдау шарты жасалады. Тұрғын үй және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін мемлекет тарапынан тегін берілетін жер учаскесін қалай рәсімдеуге болады. ҚР Жер кодексінің 44 бабының 6 тармағына сәйкес Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін беруге сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі. ҚР Жер кодексінің 44 бабының 6 тармағына сәйкес Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін беруге сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі. Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнаулы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматтың жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратты кемінде тоқсанында бір рет қазақ және орыс тілдерінде арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен осы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін олардың өтініштерін арнаулы есепке қоймай беруге тыйым салынады. 6 "Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ауыл шаруашылық және жол құрылыс техникаларын есепке алу және есептен шығару. Ауыл шаруашылқ және жол құрылыс техникаларын тіркеу немесе есептен шығару Электронды үкімен порталы арқылы өтініш жібере алады. https://elicense.kz/ Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 20 шілдеде № 11702 болып тіркелген. 7 "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Курорт санатория Кезекке тұру және жолдама беру кезектілікке сәйкес қамтамасыз етіледі Сізге ІІ-топ мүгедектігі бар азаматша ретінде оңалту жеке парағыңызда Санатория курортық емдеу көрсетілмеген. Сіз жергілікті тіркелген емханаңызға барып, форма 031/у нысанының оңалту жеке бағдарламасынаСанатория курорттық жолдама алу мақсатында, рәсімдеуіңіз қажет. Мүгедектігі бар азамат форма 031/у нысанын МӘС (мемлекеттік әлеуметтік сараптама) бөліміне тапсырған күні жеке оңалту бағдарламасы әзірленеді, ОЖБ-ға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығын басшылыққа алып қызметтер көрсетілетін болады.Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциалық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Келес аудандық бөліміне барып өтініш беруіңіз керек. 8 Атаулы әлеуметтік көмек 2023 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №227 бұйрығы заңды күшіне енді. Бұл бұйрық «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық акт болып табылады. Осы заңға сәйкес кедейшілік деңгейінен табысы аспайтын отбасылар алуға құқылы. 9 "Келес ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Тұрғын үйді қалай алуға болады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомомбиль жолары бөлімінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге кезекке» 6-санат бойынша тіркеледі. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 Бұйрығына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды беру "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базада бірыңғай республикалық электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, табыс деңгейіне және тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою күніне байланысты автоматты түрде «Отбасы банк» АҚ -ның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады делінген. Осыған орай, тұрғын үй кезегіне тұру «Өркен отбасы банк» сайты арқылы жүзеге асырылады.

    turkestan-kelesЖарияланды:
    Положение

    «Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    Келес ауданы әкімдігінің «___» _________ 2026 жылғы №______ қаулысына 4-қосымша «Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер «Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт салаларында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады. Мемлекеттік органның ведомстволары жоқ. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік орган басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін бұйрықтар қабылдайды. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160905, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №80. Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады. Мемлекеттік орган қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады. Мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның өкілеттіктер болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Мемлекеттік органға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі. 2.Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері Мемлекеттік органның мақсаттары: ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Өкілеттіктері: 14.1. Құқықтары: 1) Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу; 2) ауданның атқарушы органдарынан қажеттi құжаттармен, ақпараттар, қажеттi қызметтерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсiнiктемелер сұратуға; 3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылқтарды жою жөнінде шаралар қабылдау. 4) аудандық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысуға; 5) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 729 бабы 2-1-тармағында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкмішілік жазалар қолдануға құқылы. 14.2. Міндеттері: 1) қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; 2) ауданда мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің, облыс және аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму, дін істері, мәдениет, спорт басқармаларының Мемлекеттік орган құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды; 3) қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады; 4) ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады; 5) ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 6) ауданда болып жатқан қоғамдық – саяси процестерге және оның даму барысына жан – жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды; 7) аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады; 8) аудандағы қоғамдық – саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік - саяси зерттеулер жүргізеді; 9) қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды; 10) әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді; 11) аудан әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады; 12) өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Мемлекеттік органның құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады; 13) ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, Мемлекеттік органға қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады; 14) Мемлекеттік органның қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай –ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады; 15) аудандық деңгейде ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады; 16) Мемлекеттік органның құзырына кіретін ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді; 17) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді; 18) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Функциялары: 1) ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық – саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, Қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады; 2) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді; 3) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады; 4) аудан туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады; 5) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді; 6) Мемлекеттік орган атқарған жұмыстары жөнінде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасына есеп беріп отырады; 7) Мемлекеттік орган құзырына кіретін мәселелер жөнінде аудандағы мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамыз етеді; 8) облыстық және аудандық қоғамдық–саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді; 9) ауылдық округтер әкімдерінің, ауданның мемлекеттік мекемелерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды; 10) ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша аудандық әкімдіктің мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады; 11) Кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік, ақпараттық көмектер көрсетеді; 12) ішкі саясат саласында, ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады; 13) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген, аудан аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды; 14) Мемлекеттік органның құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады; 15) саяси партиялармен, ұлттық – мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады; 16) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми – практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады; 17) аудан әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, Мемлекеттік орган құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарын орындайды; 18) аудан аумағында жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін тиісті ұсынымдар енгізу; 19) аудан тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру, кәсіби және әуесқой ұжымдардың шығармашылығын дамыту; 20) аудан мәдениет мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру мақсатында қорларды орталықтандыру, музыкалық аспаптармен, құралдармен, аттракциондармен, инвентарлармен, сахналық киімдермен қамтамасыз ету; 21) кітаптың мемлекеттік алтын қорын сақтау, кітапханаларды көркем әдебиет шығармаларымен және жас ұрпақтарды тәрбиелеуге арналған оку құралдарымен жабдықтау; 22) аудандық мәдениет үйлерінде көркем өнерпаз ұжымдарын дамытуға ықпал жасау және әдістемелік басшылық ету; 23) аудандық мәдениет мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету, мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіру, қызметкерлерді аттестациялау және тарифтік-біліктілік категорияларын анықтау; 24) аудандық мәдениет мекемелерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу сұрақтарын өз құзыры шегінде шешу; 25) Республика ішінде де, одан тыс жерлерде де мәдениет ынтымақтастығын дамыту; 26) Мемлекеттік органның қарамағындағы аудандық мәдениет мекемелерінде бухгалтерлік есеп және есеп беру жұмысын ұйымдастыру; 27) мекемелердің балансын қарау, барлық қызмет түрлері бойынша кезекті және жылдық есепті тиісті органдарға тапсыру; 28) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мәселесі бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп іс-қимыл жасау; 29) жүргізіліп отырған тіл саясатының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға байланысты кешенді шараларды ұсыну және оларды жүзеге асыру; 30) Мемлекеттік органның құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-сараптамалық материалдар мен құжаттар әзірлеу; 31) мемлекеттік мекемелерге, қоғамдық ұйымдарға меншік нысандарына қарамастан тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді енгізуде, әр түрлі жастағы адамдар тобына мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастыруға нақтылы көмек көрсету; 32) мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге деректемелер мен көрнекі ақпаратты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның талаптарына сәйкес рәсімдеуге көмек көрсету; 33) аудандағы ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру; 34) Қазақстан Республикасынан шет тұратын қазақ диаспорасымен қазақ тілі мен мәдениетін сақтау мен дамыту мәселелері бойынша байланыс жасау; 35) Мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында басқа мемлекеттік мекемелермен бірігіп іс-қимыл жасау; 36) Тіл саясаты мәселелері туралы семинарлар, конференциялар, отырыстар, ұйымдастыру, аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі әртүрлі мекемелердің, органдардың, қоғамдық ұйымдардың форумдарына қатысу; 37) бұқаралық спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады; 38) спорт түрлерi бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткiзедi; 39) спорттың әр түрi бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi; 40) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады; 41) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi; 42) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады; 43) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi; 44) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi; 45) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық атқарушы органға табыс етедi; 46) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді; 47) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады. 3.Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері Мемлекеттік органды басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады. Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі: 1) мемлекеттік органның жұмыс жоспарларын бекітеді; 2) мемлекеттік органның атынан әрекет етеді; 3) сенімхаттар береді; 4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді; 5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды; 6) мемлекеттік органның ішкі еңбек тәртібін бекітеді; 7) мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 8) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүзеге асырады; 9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады; 10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады; Мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды. Мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын лауазымды тұлға бірінші басшы басқарады. 4.Мемлекеттік органның мүлкі Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өздеріне бекітіліп берілген, өздерінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады. Мемлекеттік органға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 5.Жұмыс режимі Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс. 6.Өзара қарым-қатынас Мемлекеттік орган мен мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның, мемлекеттік орган мен тиісті сала бойынша уәкілетті органның, мемлекеттік органның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының өзара қарым-катынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама актілерімен реттеледі. 7.Құрылтай құжаттарға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу тәртібі Мемлекеттік органның құрылтай кұжаттарына өзгертулер мен толықтырулар аудан әкімдігінің қаулысымен енгізіледі. 8.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Келес ауданының ішкі саясат бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: 1) Келес ауданы әкімдігінің «Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны; 2) Келес ауданы әкімдігінің «Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 3) Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 4) Келес ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 5) Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Келес спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 6) Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Келес аудандық ұлттық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 7) Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Жас спортшылар клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    turkestan-kelesЖарияланды:
    Ақпарат

    Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 26,74 трлн теңгені құрады

    Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 26,74 трлн теңгені құрады Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 мамырына 26,74 трлн теңгеден асты.12 айдағы өсім 3,64 трлн теңгеге немесе 15,8%-ға өсті. 2026 жылдың 1 мамырындаміндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,97 трлн теңге . Бір жылдағы өсім 3,09 трлн теңге (14,1%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 731,99 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,6%. Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 16,4% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, 2026 жылдың 1 мамырында олардың көлемі – 9,76 млрд теңге . Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,7 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 мамырына 1023,59 млрд теңге болды. Түсімдер Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 4 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1184,98 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,6%-ға (немесе 150,79 млрд теңгеге) артық. МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 мамырға дейін 914,11млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,2%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 51,04 млрд теңге (өсім – 9,8%), ЕЗЖ – 640,89 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 219,19 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарынатүскен таза инвестициялық кіріс 41,61млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 522,73млрд теңгені құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 97,98 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38952 теңге. 2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 205,62млрд теңге, мұрагерлік бойынша 41,25 млрд теңге , ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 14,21 млрд теңге , мүгедектігі бар адамдарға – 1,22 млн теңге , жерлеуге – 3,23 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 159,22 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,62 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,10 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 мамырында 12,78 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,33 млн - МЗЖ бойынша, 778,06 мыңы - МКЗЖ бойынша, 474,07 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар.Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,33 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді. БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,84млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    turkestan-kelesЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдер

    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруымен зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 26 702,11 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 25 574,23 млрд теңгені [1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1022,00 млрд. теңге . ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 105,88 млрд теңгені құрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды. ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 мамырда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 44,46%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,86%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,50%,ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,53%,ҚРҰБ депозиттері – 2,22%, шет мемлекеттердің МБҚ – 0,08%, МҚҰ – 1,16%. Активтердің 35,87%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді.Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 61,64%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 38,35%. Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс738,65 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер166,11млрд теңгені, өзге кірістер 1,33 млрд теңгені құрады. Бағамдық қайта бағалауды ескере отырып, сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. 2025 жылғы мамырдан бастап 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,00 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 8,57%-ды құрады. 2026 жылғы 1 мамырдағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 93,96%, ҚРҰБ депозиттері – 5,87%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,16%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 42,63 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 1,99 млрд теңге кіріс әкелді. 2025 жылғы мамырдан бастап соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 108,19 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 17,49%. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушылар ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 105,88млрд теңге . 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 17,03 млрд теңге . Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 28,17%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 16,51%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 12,09%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,71%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,37%, РЕПО – 2,04%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,12%, МҚҰ – 3,24%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,70%. Атап кетейік, портфельдің 50,28% теңгемен, 48,75% АҚШ долларымен, 0,96% басқа валюталарда ұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 12,59%. "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 7,28 млрд теңге болды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 23,96%, ҚР ЕДБ облигациялары – 15,85%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 12,02%, ҚРҰБ ноттары – 10,16%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,61%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 6,97%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,65%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,81%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 14,23%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 63,70%-на, АҚШ долларымен 36,30%-на тең. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,26%. "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13,55 млрд теңге . Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,01%, ҚР ҚМ МБҚ – 17,10%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,12%, РЕПО – 10,68%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,11%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,99%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,11%, ҚР эмитент-резиденттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 6,88%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 66,72%-ын, АҚШ долларымен 33,28%-ын құрайды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,91%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 8,28 млрд теңге . ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 18,22%, РЕПО – 26,64%, ҚР ЕДБ облигацияларына – 12,73%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 12,47%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 7,78%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 7,81%, ҚР ҚМ МБҚ-ға – 3,94%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,41%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 1,98% инвестицияланды. Ұлттық валютада портфельдің 67,50%-ы, АҚШ долларында 32,50%-ы инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 17,60%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 59,69 млрд теңге болды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 7,68%, ҚР ЕДБ облигациялары – 19,70%, ҚРҰБ ноттары – 13,63%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,73%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 9,69%, МҚҰ – 8,27%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,55%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,13%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 5,28%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,11%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 63,48%, АҚШ долларында – 36,52% инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,71%. "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2026ж. жағдай бойынша «Tansar Capital» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 49,38 млн теңге болды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: РЕПО – 89,16%, ҚР ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 6,11%. «Tansar Capital» АҚ инвестициялық портфелі тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан жасақталған. «Tansar Capital» АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылдың 8 сәуірінде бастады. Содан бері зейнетақы активтерінің кірістілігі 0,57%-ды құрады. «Tansar Capital» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. Сондай-ақ, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. ОлИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақыжарналары мен төлемдершоттарындағыақшаныесепкеалмағанда

    turkestan-kelesЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.