Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
1 |
"Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін «Дипломмен–ауылға» жобасы бойынша құжаттарды қайда тапсыру керек? |
«Дипломмен – ауылға» жобасы аясында әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін құжаттарды онлайн түрде тапсыруға болады. |
2023 жылдан бастап, жоба толықтай цифрлық форматқа ауыстырылды. Енді құжаттарды Сенім білдірілген өкілдің («Отбасы банк» АҚ) ақпараттандыру объектісі – «Баспана Маркет» жылжымайтын мүлік порталы (otbasybank.kz/programm-bank) арқылы жолданады. Көрсетілетін қызметті алушы аталған порталда электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен тіркеліп, құжаттарды электронды (сканерленген) көшірмелері түрінде ұсынады. Бұл арқылы өтініш беру процесі жеңілдетіліп, азаматтардың түрлі мекемелерге бару қажеттілігі жойылды. |
||
2 |
Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі не үшін қажет? Егер менің мамандығым бұл тізбеде болмаса, мен әлеуметтік қолдау шараларын ала аламын ба? |
Белгілі бір салада кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін әкімдіктерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. |
Белгілі бір салада кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін әкімдіктерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Бұл тізбе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады. Бұл тізбе алдағы кезеңге тиісті салада әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін мамандықтар санаттарын айқындауға мүмкіндік береді. Қағидаларға сәйкес, көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары тек қана сұранысқа ие мамандықтар тізбесі бойынша ұсынылады. |
|||
3 |
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы қай жылға дейін болады? |
«Дипломмен ауылға» жобасы іске асыру мерзімдері регламенттелмеген. |
«Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуының барлық кезеңінде, әсіресе ауыл жастары арасында өзектілігін жоғалтпай отыр. Сонымен бірге, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жобаны іске асыру мерзімдері регламенттелмеген. |
|||
4 |
Маман туыстарынан тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредитті пайдалана ала ма? |
Жоқ, пайдалана алмайды. |
Жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандардан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға тыйым салу жөніндегі норма енгізілді. Бұл норма шын мәнінде тұрғын үйі жоқ мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен неғұрлым тиімді қамтуға ықпал ететін болады. |
|||
5 |
«Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Кәсіпкерлік мақсатында жер телімін қалай рәсімдеуге болады |
Кәсіпкерлік мақсатта жер учаскелерін алу Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес, тек ашық сауда-саттық (аукциондарла) арқылы жүзеге асырылады. |
Кәсіпкерлік мақсатта жер учаскелерін алу Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес, тек ашық сауда-саттық (аукциондарла) арқылы жүзеге асырылады. Оған қатысу қағидалары төмендегідей: 1. Негізгі шарттар Аукционға шығарылған жер учаскесінің алдын ала шекарасы, мақсаты және кадастрлық (бағалау) құны бекітілуі тиіс. Жерді жекеменшікке сатып алуға немесе уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алуға болады. Кәсіпкерлер бизнес жүргізу үшін жер учаскесін өздері таңдап, тиісті өтініш бере алады. 2. Қатысу процесі Хабарландыру: Аукцион басталғанға дейін кемінде 15 күн бұрын жергілікті атқарушы әкімдіктердің сайтында немесе арнайы порталдарда хабарландыру жарияланады. Өтініш беру: Сауда-саттыққа қатысу үшін Электрондық үкімет порталы (Egov.kz) арқылы өтінім беріледі. Кепілдік жарна: Қатысушы аукцион шарттарына сәйкес алдын ала кепілдік жарнасын төлеуі міндетті. 3. Аукцион барысы Аукцион екі жолмен өтеді: Бағаны көтеру (дәстүрлі): Бастапқы бағадан басталып, қатысушылар бағаны бәсекелестік негізде көтеріп, ең жоғары баға ұсынған адам жеңімпаз атанады. Бағаны төмендеу (голлландтық): Егер белгілі бір уақыт ішінде бағаны көтерушілер болмаса, баға шекті мәнге дейін төмендейді, ең бірінші келіскен қатысушы жеңеді. 4. Қорытынды Жеңімпаз бен сатушы (жергілікті атқарушы орган) арасында хаттама толтырылып, кейін сатып алу-сату немесе ұзақ мерзімді жалдау шарты жасалады. |
||
Тұрғын үй және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін мемлекет тарапынан тегін берілетін жер учаскесін қалай рәсімдеуге болады. |
ҚР Жер кодексінің 44 бабының 6 тармағына сәйкес Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін беруге сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі. |
ҚР Жер кодексінің 44 бабының 6 тармағына сәйкес Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін беруге сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі. Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнаулы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматтың жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратты кемінде тоқсанында бір рет қазақ және орыс тілдерінде арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен осы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін олардың өтініштерін арнаулы есепке қоймай беруге тыйым салынады. |
||||
6 |
"Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Ауыл шаруашылық және жол құрылыс техникаларын есепке алу және есептен шығару. |
Ауыл шаруашылқ және жол құрылыс техникаларын тіркеу немесе есептен шығару Электронды үкімен порталы арқылы өтініш жібере алады. https://elicense.kz/ |
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 20 шілдеде № 11702 болып тіркелген. |
||
7 |
"Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Курорт санатория |
Кезекке тұру және жолдама беру кезектілікке сәйкес қамтамасыз етіледі |
Сізге ІІ-топ мүгедектігі бар азаматша ретінде оңалту жеке парағыңызда Санатория курортық емдеу көрсетілмеген. Сіз жергілікті тіркелген емханаңызға барып, форма 031/у нысанының оңалту жеке бағдарламасынаСанатория курорттық жолдама алу мақсатында, рәсімдеуіңіз қажет. Мүгедектігі бар азамат форма 031/у нысанын МӘС (мемлекеттік әлеуметтік сараптама) бөліміне тапсырған күні жеке оңалту бағдарламасы әзірленеді, ОЖБ-ға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығын басшылыққа алып қызметтер көрсетілетін болады.Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциалық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Келес аудандық бөліміне барып өтініш беруіңіз керек. |
||
8 |
Атаулы әлеуметтік көмек |
2023 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №227 бұйрығы заңды күшіне енді. Бұл бұйрық «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық акт болып табылады. Осы заңға сәйкес кедейшілік деңгейінен табысы аспайтын отбасылар алуға құқылы. |
||||
9 |
"Келес ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Тұрғын үйді қалай алуға болады. |
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомомбиль жолары бөлімінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге кезекке» 6-санат бойынша тіркеледі. |
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 Бұйрығына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды беру "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базада бірыңғай республикалық электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, табыс деңгейіне және тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою күніне байланысты автоматты түрде «Отбасы банк» АҚ -ның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады делінген. Осыған орай, тұрғын үй кезегіне тұру «Өркен отбасы банк» сайты арқылы жүзеге асырылады. |